Ақмола облыстық сотының төрағасы Д. Әміров өңірдің сегіз ауданының тұрғындарымен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров аудандардың тұрғындарымен көшпелі кездесулер өткізді.  Ол Бұланды, Ақкөл, Шортанды, Аршалы, Целиноград, Қорғалжын, Біржан сал аудандарында және Степногорск қаласында болып, Президенттің «Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты Жолдауының ережелерін түсіндіріп, заңнама мен сот жүйесіндегі өзгерістер туралы айтты.

Кездесулер аудан және ауылдық округ әкімдерінің, мәслихат депутаттарының, құқық қорғау және мемлекеттік органдар басшыларының, адвокаттардың, медиаторлардың, ақсақалдардың, Билер кеңесі мен ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен өткізілді. 

Облыстық соттың төрағасы өз сөзінде Президенттің соттардың алдына сот шешімдерінің сапасын жақсарту, сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз ету, әкімшілік әділетті енгізу, сот ісін жүргізуде және іс қағаздарын жүргізуде мемлекеттік тілді қолдануды дамыту, сондай-ақ кейбір қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша жазаларды қатайту туралы нақты міндеттер қойғанын атап өтті.

Д. Әміров кездесуге қатысушыларға татуластыру институты – медиацияны және Билер кеңестерінің қызметін дамыту, мемлекеттік тілді сот ісінде қолдану туралы айта келіп,  өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кейбір заңнамалық актілерді түсіндірді. Дауларды медиация мен партисипативтік рәсімді қолдану арқылы шешудің жолдары туралы да айтылды. Осы орайда өңірде медиаторлар мен Билер кеңестерінің қатысуымен қаралған даулар туралы статистикалық мәліметтер келтірілді. Сот ісін жүргізуді цифрландырудың маңыздылығы, электрондық сот төрелігінің азаматтар үшін артықшылықтары туралы

Медиацияны дамытуға белсенді қатысқаны үшін Ақкөл ауданының кәсіби емес медиаторы Сәулеш Бекмағанбетоваға, Біржан сал, Бұланды аудандарының, Степногорск қаласы мен Целиноград ауданы Қоянды ауылдық округінің және Қорғалжын ауданының медиаторлары Татьяна Табаковаға, Қайыр Ахметовке, Жақсыгелді Ақылбаевқа, Фарида Есжановаға, Дина Әбдірасілова мен Барқыт Жоламановаға алғыс хаттар тапсырылды.

Сонымен қатар, облыстық соттың төрағасы барлық сегіз ауданда азаматтарды қабылдап, олардың қойған мәселелерін тыңдап, әрбір келушіге дауларды шешудің тәсілдерін және жоғарғы сот сатыларына сот шешімдеріне шағымданудың мүмкіндіктерін түсіндірді. Қабылдауға келген адамдардың бәрінің қойған сұрақтарына жауаптар қайтарылды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі