«Distritech» ЖШС бас директоры А.Серғазиев: «Еліміздің сот төрелігі іс жүзінде азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының шынайы және пәрменді түрде қорғалуын қамтамасыз етеді»
«Distritech» ЖШС бас директоры Айбек Серғазиев Жоғарғы Соттың ол басқарып отырған компанияның құқығын қалпына келтіргені туралы ақпаратты жариялауды өзінің борышы деп санайды. «Еліміздің сот төрелігі іс жүзінде азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының шынайы және пәрменді түрде қорғалуын қамтамасыз етеді» , - деп атап өтті ол Жоғарғы Сотқа жазған хатында.