Архив событий

01/07/2019

Судьялар мен халықаралық сарапшылар монополияға қарсы қызмет саласындағы заңнаманы қолдану мәселелерін және сот актілерін әзірлеудің сапасын талқылады.

01/07/2019

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары «Қазақстандағы  құқық үстемдігіне бастамашылық» американдық адвокаттар ассоциясының өкілдігімен бірге Алматы қаласында «Әкімшілік істер бойынша сот актісін құрастырудың әдістемесі. Монополияға қарсы қызмет саласындағы заңнаманы қолданудың өзекті мәселелері. Сот актілерін әзірлеудің сапасы» тақырыбында екі күндік семинар-кеңес өткізді.

Кездесу Алматы қалалық сотында өтті. Екі күндік пікірталасты Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Кыдырбаева және Жоғарғы Соттың судьясы Гүлжан Алммамбетова жүргізді.