Архив событий

04/07/2019

Облыстық соттарда сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану мәселесі талқыланды

04/07/2019

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Ақмола облысының Полиция департаментінде сотқа дейінгі өндіріс кезінде жол берілетін заң бұзушылық мәселелерін талқылау бойынша семинар-кеңес өткізді.

Семинар-кеңеске Ақмола облысының Полиция департаментінің басшысы Берік Біләлов, Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің басшысы Қуаныш Бекбасов, облыс прокурорының орынбасары Владимир Малахов, ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы тіркеу комитеті басқармасының басшысы Күнсая Балғожина қатысты.

Жоғарғы Соттың Төрағасы «Бейкер и Макензи – Си-Ай-Эс, Лимитед» фирмасының өкілдерімен кездесті

04/07/2019

Кездесуге «Бейкер и Макензи» фирмасы атқару комитеті төрағасының орынбасары Констанц Ульмер-Айлфорт, фирманың Қазақстандағы филиалының директоры Куртис Мастерс пен фирманың Қазақстандағы филиалының аға заңгері Гүлнұр Бекмұханбетова қатысты.   

Меймандар «Сот төрелігінің 7 түйіні» шеңберінде сот жүйесін жаңғырту жөнінде жүргізіліп жатқан іс-шаралармен танысты. «Осы жұмыстағы басты мақсат – халықтың сот төрелігіне деген сенімін арттыру және заңның үстемдігін қамтамасыз ету», - деп атап көрсетті Жоғарғы Соттың Төрағасы.