Архив событий

16/07/2019

Жоғарғы Соттың Департамент басшысы Венгрия істеріндегі уақытша сенімді өкілімен кездесті

16/07/2019

Жоғарғы Соттың Департамент басшысы Наиль Ахметзакиров Венгрия істеріндегі уақытша сенімді өкілі Шандор Дорогимен кездесті.

Н.Ахметзакиров мейманды қарсы ала келе, сот реформасының негізгі аспектілері мен заңнамалық жаңашылдықтар туралы хабардар етті. Атап айтқанда, спикер республикадағы барлық сот залдарын АБТ жүйесімен жарақтандырылғанына, сот процестерін бейнебайланыс арқылы өтетіндігіне, жеңілдетілген және бұйрықтық тәртіптегі істерді электронды қарауға үдемелі көшуге айрықша тоқталып өтті.