Солтүстік Қазақстан облыстық соты

Петропавлда судьялар зиялы қауым өкілдерімен кездесті

26/10/2018

«Татуласу: сотқа дейін, сотта» пилоттық жобасын және «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Жоғарғы Сотының Төрағасы Жақып Асановтың тікелей бастамасымен Петропавл қаласында Жоғарғы Соттың жұмыс тобы Солтүстік аймақтың зиялы қауымымен кездесу өткізді.

Кездесу «Сот төрелігінің жету түйіні» бағдарламасының «Татуластыру рәсімдері: сотқа дейін, сотта» жобасын іске асыру аясында өтті.

Солтүстік Қазақстан облысында «Судьяның көмекшісі» жобасы іске қосылды

22/08/2018

Жоба азаматтық істерді қарауға маманданған Петропавл қаласының №2 сотында жүзеге асырылуда.

Пилоттық жобаның мақсаты сот жұмысының тиімділігін арттыру, сот төрелігін іске асыру сапасын жақсарту, судьялар мен сот қызметкерлерінің жұмысын оңтайландыру, судьяларды техникалық және әкімшілік жұмыстан босату, сонымен бірге судья көмекшісі институтының артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындау болып табылады.

Солтүстік Қазақстан облыстық соты «Білгір» тарихи-танымдық зияткерлік конкурсын өткізді

25/07/2018

Солтүстік Қазақстан облыстық соты судьялар мен сот мамандарының арасында «Білгір» тарихи-танымдық зияткерлік конкурсы өткізілді.

Облыстық сот төрағасы Ерлан Айтжанов іс-шараны аша отырып, конкурстың ұйымдастырушылары ұлттық құндылықтарды жаңғырту,  ұлттық кодты және мәдениетімізді, қазақтың билер сотының дәстүрін сақтау, тіл мәдениетін арттыру, шешендік өнерімізді дамыту сияқты мақсаттарды көздейтінін атап өтті.

«Жедел сот» жобасын іске асыру аясында

13/07/2018

Петропавлдың мамандандырылған әкімшілік соты «Жедел сот» пилоттық жобасы іске қосылған екі аптаның ішінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы 6 іс қарады.

Солтүстік Қазақстан облысының судьялары көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдысын игерді

03/07/2018

Жоғарғы Сот Қазақстандағы Фридрих Эберт атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің және «Ел тірегі» Қазақстанның шағын және орта бизнес қауымдастығының қолдауымен Солтүстік Қазақстан облысының судьялары үшін екі күндік семинар-тренинг өткізді.

Петропавлдың бір ғимаратта орналасқан екі сотында фронт-офис ашылды

29/06/2018

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотта жане Петропавлдың №2 сотындағы ашылу салтанатына судьялар, медиаторлар, адвокаттар, БАҚ өкілдері қатысты.

Сөз сөйлей келе, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрғасы Ерлан Айтжанов фронт-офистің Жоғарғы Соттың «Үлгілі сот» жобасын іске асыруға, азаматтардың сот қызметтерінің сапасына қанағаттанушылығының, халықтың  сот жүйесіне деген сенімінің деңгейін арттыруға, сот жұмысының ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап айтты.

Солтүстік Қазақстан облысытқ сотында бұрынғы ерлі зайыптылар медияция келісімін жасап алименттік төлемдерді төлеу сұрағын шешті

22/06/2018

Солтсүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасымен алименттік төлемдерден босату талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотына электрондық форматта бірінші азаматтық іс келіп түсті

15/06/2018

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасына электрондық форматта бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен бірінші азаматтық іс қарау үшін келіп түсті.

Бұл Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының қарыз сомасын өндіріп алу туралы сот бұйрығының күшін жоюдан бас тарту туралы ұйғарымына жауапкердің жеке шағымы.

Беттер