Солтүстік Қазақстан облыстық соты

Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарда "Виртуалды соттар" жұмыс жасап жатыр

11/06/2018

Виртуалды соттарды құру - өңірдің жоғары мобильді және технологиялық жағынан ілгері халқын қолдау, сондай-ақ жалпы инновациялық потенциалды арттыру тәсілдерінің бірі.

"Виртуалды соттар" бүгінде халық үшін қол жетімді және тиімділігін көрсетуде. Оларды пайдалану азаматтарға басқа облыстарда, тіпті елдерде орналасқан соттарға сапарлары үшін қажетті қомақты қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Солтүстік Қазақстан облысы соттарында медиация кабинеттері ашылды

04/06/2018

Жоғарғы Соттың «Соттағы татуластыру рәсімдері»  атты пилоттық жобасы аясында Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында және Петропавл қаласының № 2 сотында салтанатты түрде  медиация кабинеттердің ашылуы өтті.

Шарада облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Айдар Смагулов, медиаторлар, облыстағы жетекші баспасөздердің тілшілері қатысты.

Петропавлда медиатор-судья екі ЖШС-ны татуластырды

25/05/2018

Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына бір жауапкершілігі шектеулі серіктестік екіншісіне қарыз сомасын және тұрақсыздық айыбын өндіріп алу туралы талап қою арызымен жүгінді.

Тараптар Петропавлда құрылып жатқан объектіге арнап метал құрылымдарын әзірлеу, жасау және жеткізу бойынша мердігерлік шарт жасасқаны анықталды. Алайда, жұмыс аяқталған соң жауапкер атқарылған қызмет үшін төлемді толық көлемде жүзеге асырмаған.

Солтүстік Қазақстан облысында 6,5 млн. теңге өндіріп алу туралы дау татуласу келісімін жасау арқылы аяқталды

11/05/2018

Солтүстік Қазақстан облысының Уәлиханов аудандық сотына азамат А. аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөліміне шарттың тармағын жарамсыз деп тану және 6 500 000 соманы өндіріп алу туралы талап арызбен жүгінген.

Солтүстік Қазақстан облыстық соты кәсіби медиаторлардың қатысуымен семинар-тренинг өткізді

20/04/2018

Аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары үшін апта сайын семинар-тренинг өткізу оларға дауларды медиация тәртібінде реттеу дағдысына үйрету мақсатын көздейді.

Алғашқы кіріспе сабақта «Содружество» Солтүстік Қазақстан медиация және құқық орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Галина Пехотина, Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация кабинетінің меңгерушісі Гүлбахша Мұсабаева және «Медиацияны дамыту орталығы» РҚБ өкілеттігінің директоры Әлия Рамазанова дәріс оқыды.

Петропавлда тараптар өз балаларымен араласу тәртібін шешті

17/04/2018

Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында  2011, 2014, 2017 жылы туған  кәмелетке толмаған балаларымен араласу тәртібін белгілеу туралы талап арыз негізінде азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында анасы әкесінің балаларымен араласуына қарсылық білдіретіні анықталды. Алайда талап қоюшы балалардың тәрбиесімен айналысуды қалайды.

Сот отырысы барысында тараптардан татуласу келісімін жасауға байланысты істі тоқтату туралы өтінішхат түсті.

Сот актісін ресімдеу сапасын жақсартуды көздеу

13/03/2018

Солтүстік Қазақстан облыстық соты сот актілерін дайындау сапасын жақсарту мақсатында өңір судьяларының арасында конкурс өткізді.

Конкурстық комиссияға Судьялар одағы облыстық филиалының төрағасы Серікжан Ғабдулин, отставкадағы судьялар Нәсіл Исенова, Қазиза Жүнісова, Лидия Капустина және Қазыкен Досанов, «Литер» газетінің жеке тілшісі Зәуре Жұмалиева және М.Қозыбаев атындағы СҚМУ доценті, филология ғылымдарының кандидаты Светлана Мисяченко енді.

Солтүстік Қазақстан облысының судьялары процеске қатысушыларға сот актілерін түсіндіруде

19/01/2018

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Ерлан Айтжанов өздері шығарған сот актілерін түсіндіретін 15 судьяның кандидатурасын бекітті.  

Жоғарғы Сот бастамашылық жасаған «Сот актілерін түсіндіру» пилоттық жобасының мақсаты – сот процесінің қатысушыларына сот актілерін шығару логикасын қарапайым тілмен жеткізу. Жоба ағымдағы жылғы 15 қаңтардан 31 шілдеге дейін жүзеге асырылады.

Петропавлда ювеналдық сот ғимаратының жанында «Отбасы» ескерткіші ашылды

22/12/2017

Солтүстік Қазақстан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ғимаратының жанында «Отбасы» ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараға сот жүйесінің ардагерлері, әкімдік, прокуратура, қамқорлық және қорғаншылық органдарының, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің өкілдері қатысты.

Беттер