Солтүстік Қазақстан облыстық соты

Солтүстік Қазақстан облысының судьялары балаларды мерекемен құттықтады

01/06/2016

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының бастамасымен Сәбит Мұқанов атындағы Қазақ музыкалық-драма театрында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған облыс соттары қызметкерлерінің балалары қатысқан салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

Қазақстан халқы ассамблеясының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының жанындағы Медиация орталығы оннан астам медиация рәсімін өткізді

28/04/2016

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының бастамасымен және қолдауымен үстіміздегі жылдың 1 сәуірінде Петропавл қаласындағы Достық үйінде ашылған Медиация орталығы оннан астам медиация рәсімін өткізді.

Медиация Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының маңызды бағыттарының бірі болса, Достық үйіндегі Медиаторлар орталығы – өңір азаматтарының жиі келетін орындарының бірі.

Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы А.Смолин Солтүстік Қазақстан облыстық сотының жалпы отырысы жұмысына қатысты

18/04/2016

Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Анатолий Смолин Солтүстік Қазақстан облыстық сотында өткен жалпы отырыстың жұмысына қатысты. Оның барысында қатысушылар жергілікті соттардың төрағалары мен судьяларының бос лауазымдары конкурсына үміткерлердің кандидатураларын талқылады.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде татуластыру рәсімдері институтын дамыту бойынша меморандумға қол қойылды

04/04/2016

Судьялардың VI съезінде жария етілген Мемлекет басшысының татуластыру рәсімдерін және дауды шешудің балама түрлерін кеңінен қолдану қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының соттары түсіндіру іс-шараларын жүргізуде. Соның ішінде Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірлескен жұмысының нәтижесінде облыс әкімдігінде өткізілген құқықтық дауларды (шиеленістерді) реттеу үшін татуластыру рәсімдері институтын дамыту мәселелері жөніндегі жиналыс. 

Солтүстік Қазақстан облысында «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңды қолдану мәселелерін талқылады

02/03/2016

Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында семинар өтті. Оның барысында семинарға қатысушылар – Қаржылық бақылау инспекциясының, қазынашылық органдарының, Петропавл қаласының мемлекеттік мекемелері мен кәсіпорындарының қызметкерлері Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңын қолданудың өзекті мәселелерін талқылады.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында сот ісін жүргізудің жаңа моделі бойынша сот төрелігін жүзеге асыру мәселелері талқыланды

27/11/2015

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттар судьяларының қатысуымен «Сот ісін жүргізу жүйесінің үш сатылы жаңа моделі бойынша сот төрелігін іске асырудың кейбір мәселелері» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараны облыстық соттың төрағасы М.Әкетай ашып, өз сөзінде ол бүгінгі күні бүкіл сот жүйесінің қызметі, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын, соның ішінде үш сатылы сот жүйесіне көшу қағидаларын жүзеге асыруға бағытталғанын атап өтті.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы бұзудың өзекті мәселелері бойынша семинар өтті

13/03/2015

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының оқу орталығы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының базасында «Мемлекеттік сатып алу саласында заңнаманы бұзуға байланысты азаматтық істерді қарау жөніндегі сот тәжірибесі» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шараға қаржы бақылау инспекциясының, облыс прокуратурасының, әкімдіктің, адвокаттар алқасының өкілдері қатысты.

Алқа төрағасы, облыстық сот судьялары, аудандық соттардың төрағалары таныстырылды

08/07/2014

Бүгін Солтүстік Қазақстан облыстық сотында азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының жаңадан тағайындалған төрағасы, облыстық соттың судьялары, сонымен бірге облыстың аудандық және оған теңестірілген соттарының төрағалары ұжымға таныстырылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 3 шілдедегі Жарлығымен Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы болып Бахыт Бақымбайұлы Қасейінов тағайындалды.

Беттер