Солтүстік Қазақстан облыстық соты

Республика соттары Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру шеңберінде бірқатар іс-шаралар өткізді

27/11/2017

Алматы қалалық сотында «Ұлттық сана жаңғыруы және тарихи тұлғалар өнегесі»  тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция жұмысында  судьялар, белгілі заңгерлер мен тарихшылар, филолог, этнограф ғылымдар, республиканың еңбек сіңірген қайраткерлері, отставкадағы судьялар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Қызылжар аудандық соты еңбекақы мен зейнеткерлік аударымдарды өндіріп алу туралы медиативтік келісімді бекітілді

13/11/2017

«Бишкульская семеноводческая станция» ЖШС 5 жұмысшысы Еңбек кодексінің талаптары бұзылып, төленбеген еңбекақы мен зейнеткерлік аударымдарды өндіріп алу туралы талап арызбен Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық сотына жүгінді.

Сот отырысы барысында талапкер мен жауапкер сотқа медиация тәртібінде дауды реттеу жөнінде келісім ұсынды.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында қазақ тілін латын графикасына көшіру мәселесі талқыланды

08/11/2017

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Латын әліпбиіне көшу – ұлттық сананы жаңғырту жолы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

Іс-шараға судьялар, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамы, облыстық әкімдіктің өкілдері қатысты.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Аймақтық орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөз сөйледі

01/11/2017

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісінің басшысы Оян Мүтәләпов Солтүстік Қазақстан облысының Аймақтық орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сөз сөйлеп, сот жүйесіндегі ақпараттық технологиялардың қолданылуы туралы баяндап берді.                                                        

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында сот актілерін орындау мәселелері талқыланды

13/10/2017

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында «Мемлекет кірісіне өндіріп алу жүзеге асырылған сот актілерін орындау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

«Дөңгелек үстел» жұмысына облыстық және аудандық соттың судьялары, облыстық прокуратура, Әділет департаментінің өкілдері, жеке сот орындаушылары қатысты.

Солтүстік Қазақстан облыстық соты қылмыстық процесті реформалауды түсіндіру бойынша бірқатар іс-шаралар өткізді

29/09/2017

Солтүстік Қазақстан облыстық соттың төрағасы Ерлан Айтжанов Жамбыл ауданының тұрғындарымен кездесіп, қылмыстық процесті реформалау жөнінде  Жоғарғы Сот жүргізіп жатқан жұмысқа тоқтала кетті. 

Е.Айтжанов бүгінгі таңда сот төрелігі жүйесін жетілдіру аясында қылмыстық процесте азаматтарды қорғау деңгейін көтеру және жазаның қатаңдығын төмендету бойынша реформа өткізіліп жатқанын атап өтті. Жаңғырудың аталмыш сатысы ұлттық заңнаманың қылмыстық қудалау саласындағы халықаралық стандарттарға сай сәйкестендіруге бағытталған.

Солтүстік Қазақстан облысының судьялары мен медиаторлары дауларды сотқа дейінгі реттеу бойынша пилоттық жобаны іске асыруды талқылады

27/09/2017

Солтүстік Қазақстан облыстық соты Қазақстан халқы Ассамблеясының филиалымен бірлесе «Медиация тәртібінде жекелеген санаттағы істер бойынша дауларды сотқа дейін реттеу бойынша пилоттық жобаны іске асыру. Татуластыру рәсімдері бойынша өзекті сұрақтар» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді.

"Дөңгелек үстелге" облыс судьялары, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, адвокаттар қатысты.

Солтүстік Қазақстан облыстық соты жас судьялар арасында «Не? Қайда? Қашан?» құқықтық сайысын өткізді

15/09/2017

Сот оқуы стратегиясын жүзеге асыру аясында облыстың Жас судьялары кеңесінің, Тәлімгерлер кеңесінің және Оқу орталығының бастамасымен Судьялар одағының облыстық филиалының қолдауымен аудандық және қалалық соттардың жас судьялары арасында «Не? Қайда? Қашан?» атты құқықтық сайыс өткізілді. 

Сайысқа 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар, әрқайсысы 8 судьядан құралған «Эрудит» және «Правовая солянка» атты екі топ қатысты.

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында мерзімінен бұрын босатуды және жазаны неғұрлым жеңіл түрге ауыстыруды қолдану мәселелері талқыланды

13/09/2017

Солтүстік Қазақстан облыстық сотында «Мерзімінен бұрын босату және  жазаны неғұрлым жеңіл түрге ауыстыруды қолдану практикасы» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Іс-шараға судьялар, прокуратура, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері, түзеу мекемелерінің өкілдері қатысты.

Беттер