Шығыс Қазақстан облыстық соты

Шығыс Қазақстанда 22 судья кәсіби медиатор сертификатын иеленді

27/04/2018

Шығыс Қазақстан облыстық, өңірдегі аудандық және оған теңестірілген соттардың 22 судьясы кәсіби медиаторлар курстары аясында «Альтернатива» құқық және медиация орталығында даярлықтан өтті.

Оқыту «Медиацияның жалпы курсы» бағдарламасы бойынша дәрістік және тәжірибелік сабақтар түрінде өткізілді. Даярлықтың мақсаты – сот медиациясы институтын одан әрі дамыту және дауды реттеу рәсімдерін белсенді қолдану дағдыларын жетілдіру.

Курстың бағдарламасы 50 академиялық сағатты құрады.

Сот марихуана сатты деп айыпталған Өскемен тұрғынын ақтады

26/04/2018

Өскемен қаласының № 2 сотында бұрын соталмаған қала тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық қудалау органы Руслан Рутковскийді 171,2374 грамм марихуананы сату мақсатында заңсыз иемденіп сақтағаны үшін және ірі мөлшерде есірткі заттарын сатудың екі эпизоды бойынша айыптады.

Өскеменде «Түнгі сот» пилоттық жобасын жүзеге асыру мәселелері талқыланды

24/04/2018

Жоғарғы Соттың судьясы Ұлбосын Сүлейменова Шығыс Қазақстан облыстық сотында «Түнгі сот» пилоттық жобасын енгізу және жүзеге асыруге арналған кездесу өткізді.

Кездесуге облыстық сот төрағасының м.а. Қайрат Шақпантаев, азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев, облыстық, қалалық және аудандық соттардың судьялары,   прокуратура, ішкі істер органдарының, адвокаттар алқасының, сақтандыру компанияларының, медиация орталықтарының өкілдері қатысты.

Өскеменде судьялар мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы материалдарды қарау барысында медиацияны қолдану мәселелерін талқылады

20/04/2018

Шығыс Қазақстан облыстық соты төрағасының м.а. Қайрат Шақпантаев «Мерзімінен бұрын шартты түрде босату, жазаны неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы материалдарды қарау барысында медиацияны қолдану мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Талқылау медиация институтын қолдану аясын кеңейту, осы мәселені құқықтық реттеу үшін заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу мақсатында ұйымдастырылды.

ШҚО-да жұбайлар медиация арқылы отбасыны сақтап қалды

17/04/2018

Шығыс Қазақстан облысының Зырян аудандық сотында Ж.-ның У.- ға неке бұзу туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

Сотта тараптардың заңды некеде тұратындығы және ортақ некеден олардың бірі балалары бар екендігі анықталды. Тараптар мінездерінің келіспеушілігіне байланысты некені бұзуды сұраған.

Сот ШҚО тұрғынын қылмыстық құқық бұзушылық құрамының жоқтығына байланысты ақтады

13/04/2018

Өскемен қаласының №2 соты Шығыс Қазақстан облысының Белоусовка ауылының 27 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады. Алдын ала тергеу органы М.-ны сату мақсатынсыз есірткі затын заңсыз сақтағаны үшін айыптаған.

Аталған қылмыстық істі қарау барысында сот қылмыстық-процестік заң нормаларының елеулі бұзушылықтарын, қылмыстық іс материалдарының бұрмалануын анықтады.

Шығыс Қазақстан облысының Құқықтық көмек көрсету секторларына мыңнан астам азамат жүгінді

06/04/2018

Ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында Өскемен және Семей қалаларының соттарында Құқықтық көмек көрсету секторлары ашылған болатын.   

Секторлар адвокаттармен, медиаторлармен, нотариустармен және  «Азаматтарға арналған Үкімет»  ҰАҚ филиалының мамандары көрсететін барлық құқықтық қызмет түрлерін азаматтарға ақысыз ұсынуға бағытталған.

Соттың бекітілген маманы азаматтарға қызметтерді таңдау мәселелерін үйлестіреді, «Сот кабинеті» сервисі арқылы электронды түрде өтініштер беруге көмек көрсетеді.

Өскеменде банктік қарыз беру және қызмет көрсетуге байланысты комиссияны өндіру мәселелері талқыланды

04/04/2018

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев «Банктік қарыз беру және қызмет көрсетуге байланысты комиссияны өндіру мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Оның жұмысына Қазақстан-Американдық Еркін университетінің, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар  құрамы мен студенттері, Ұлттық банк филиалының,  «Банк Центркредит», «Еуразиялық банк», «Forte bank», «Халық банк» АҚ өкілдері, судьялар қатысты.

Өскеменде атқарушылық жазбаларды толтыру мәселелері талқыланды

29/03/2018

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев нотариустармен кездесу өткізді.

 Кездесу барысында қатысушылар атқарушылық жазбаны іске асыру мәселелерін, соның ішінде нотариуске шағымдану тәртібі, мемлекеттік баж салығы, атқарушылық жазбанының орындалу мәселелерін талқылады.

Беттер