Өскеменде атқарушылық жазбаларды толтыру мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев нотариустармен кездесу өткізді.

 Кездесу барысында қатысушылар атқарушылық жазбаны іске асыру мәселелерін, соның ішінде нотариуске шағымдану тәртібі, мемлекеттік баж салығы, атқарушылық жазбанының орындалу мәселелерін талқылады.

Облыстық соттың судьясы Людмила Алпысова өз баяндамасында 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «Нотариат туралы» заңға енгізілген нотариустарға дауларды шешу және атқару жазбаларын орындау туралы келісімді нотариатта көрсете отырып, келісу рәсімдерін жүргізуге құқық беретін түзетулер күшіне енгені туралы атап өтті.

Кездесуге қатысушылар өзекті мәселелерді талқылай келе, облыстың нотариаттық палатасының келісімімен жұмыс тобын құру қажет деген шешімге келді. Енді Өскемен және Семей қалалық соттарының құқықтық көмек беру салаларында нотариустар азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушыларға бекітілген кесте бойынша қабылдау жүргізіп, атқарушылық жазбаларға қатысты мәселелер бойынша кеңестер беретін болады.  

Шығыс Қазақстан облысының Нотариаттық палатасы өңірдегі банктерге, коллекторлық агенттіктерге және коммуналдық ұйымдарға сот бұйрығын шығару рәсімі, талап қою бойынша іс жүргізу немесе оңайлатылған іс жүргізу рәсімінің алдында өндіріп алушы үшін бірқатар артықшылықтары көрсетілген хаттар жолдады. Атқарушылық жазбалар туралы тиісті ақпараттар соттардың сайттарына орналастырылды.

Кездесу қорытындысында Д.Әбдіғалиев: «Біздің мақсатымыз – бұзылған немесе шағымданған құқықтарды қорғау және заңмен қорғалатын мүдделерді соттан өзге жолдармен қорғауды кеңінен тарату. Бұл сотқа жүктемені төмендету, жеке және қоғамдық-құқықтық қарым-қатынас саласында даусыз істерді босату қажеттілігіне байланысты», - деді.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі