Өскеменде әдістемелік құрал таныстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев «Нотариустың атқарушылық жазбасы институтын дамытудың өзекті мәселелері» атты әдістемелік құралды таныстырды.

Іс-шараға облыстық, сондай-ақ қалалық соттардың судьялары және нотариустар қатысты.

Әдістемелік құралды таныстыра келе, Д.Әбдіғалиев Мемлекет басшысы өзінің «Қазақстан-2050» стартегиясы» жолдауында, дауларды соттан тыс реттеу институтын дамыту бойынша жұмыстарды жалғастыруды және болмашы сұрақтар бойынша дауларды соттан тыс тәртіпте шешудің тетігін қарастыруды тапсырғанын атап өтті.

«Аталған басылым атқарушылық жазба жасаудың қадамдық тәртібі көрсетілген «үстел кітабы» болып табылады. Ол нотариустардың жұмысын жеңілдетуге бағытталған және заңнаманы қолдануда қателік жібермеуге көмектеседі. Сондай-ақ құралда атқарушылық жазба институтын дамытудың күрделі мәселелері көрсетілген», - деді ол.

Іс-шараның соңында қатысушылар осы институтты жылжыту мен дәріптеу бойынша бірқатар ұсыныстар енгізді.

Құрал өңірдің нотариаттық палатасының нотариустарына жұмыс бабында қолдану үшін жолданатын болады.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі