Шығыс Қазақстан облыстық соты

Риддерде мүлікті бөлу туралы дау медиацияны қолдану арқылы шешілді

07/06/2018

Риддер қалалық сотында тараптар некеде сатып алған мүлікті бөлу туралы азаматтық іс қаралды.

Талапкер тұрғын үйді бөліп әрі үлесін анықтауды, сондай-ақ кәмелетке толмаған екі баласының мүддесін ескеріп, тұрғын үйді өзінің иелігіне қалдыруды сұрап, жауапкерге талап қоюмен сотқа жүгінген.

Шығыс Қазақстанның азаматтары Құқықтық қызмет көрсету секторларының қызметтерін белсенді пайдалануда

06/06/2018

Татуласу рәсімдерінің қолдану аясын кеңейту, азаматтарға іскерлік, отбасылық қарым-қатынасты сақтай отырып, дауды сотқа жүгінусіз шешу мүмкіндіктерін ұсыну, азаматтарға өтеусіз құқықтық қызмет көрсету мақсатында Шығыс Қазақстан облысының соттарында Құқықтық қызмет көрсету секторлары ашылып, қызмет етуде.

Секторлардың жұмысына адвокаттар, кәсіпқой және кәсіпқой емес медиаторлар, нотариустар, «Азаматтарға арналған Үкімет» МК КЕАҚ филиалының мамандары қатысады. Арнайы бекітілген сот маманы «Сот кабинеті» арқылы сотқа арыздарды ұсынуға көмек көрсетеді.  

Өскеменде медиацияны қолдану саласын кеңейту және дәріптеу мақсатында жеті жақты меморандум жасалды

01/06/2018

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев,  Әділет Департаментінің басшысы м.а. Нұрғали Андасов, Қазақстан Халқы Ассамблеясы филиалының басшысы Асқар Нұрғазиев, Ішкі саясат басқармасының басшысы Нелли Краснобаева, адвокаттар алқасы мен Нотариаттық палатаның төрағалары Ботагөз Ахметжанова және Қабираш Халелова, «Альтернатива» құқық және медиация орталығының директоры Аксана Каленова Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Өскеменде «Түнгі сот»пилоттық жобасын іске асыру аясында төртжақты меморандум бекітілді

30/05/2018

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев, ШҚО прокурорының орынбасары Виталий Шабер, ШҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары және ШҚО адвокаттар алқасының төрағасы Ботагөз Ахметжанова өзара  ынтымақтастық туралы төртжақты меморандумға қол қойды.

Тараптар Меморандумды әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жедел қарау бойынша өзара ынтымақтастыққа мүдделігіне сүйене отырып жасасты.

Өскеменде судья, медиатор және нотариус еңбек ұжымдарымен көшпелі кездесу өткізді

28/05/2018

Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Алмас Салимов, Медиаторлар Ұлттық Палатасы филиалының өкілі Марианна Дячук және нотариус Айгүл Байболова «ШығысЭнерготрейд» ЖШС-ның, «Өскемен Водоканал» РҚК-ның және «Өскемен жылу жүйелері» АҚ-ның еңбек ұжымдарымен көшпелі кездесу өткізді.

Іс-шараның мақсаты – татуласу рәсімдерін қолдану тәртібі мен негіздерін,  дауды соттан тыс шешудің артықшылықтарын, атқарушылық жазба институтының негізгі ережелерін түсіндіру.

Ата-аналар сот медиациясы арқылы баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы келісімге келді

23/05/2018

Шығыс Қазақстан облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына С. Ж.-ға 2012 жылы туған кәмелетке толмаған баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы талап арызбен жүгінді.

С. өзінің талап арызында Ж.-мен бірге болған некеден екі кәмелетке толмаған ұлдары бар екенін және сол балаларды асырау үшін алимент өндірілгенін көрсеткен. Кіші ұлы жарты жылдан астам уақыт онымен бірге тұрады. Осыған байланысты соттан кіші ұлының тұрғылықты мекен-жайын онымен бірге анықтауды сұрады. 

Шығыс Қазақстан облыстық сотында медиацияның көмегімен туған бауырлар татуласты

21/05/2018

Шығыс Қазақстан облыстық соты туған бауырлар арасындағы мүлікті ортақ бірлескен меншік деп тану, меншік құқығын анықтау туралы азаматтық дауды қарады.

Сот, анасы қайтыс болғаннан кейін ағайындылар мүліктің ½ үлесі бойынша мұра алғандарын анықтады. Жауапкер осы пәтерде тұрып, өзінің бауырымен мүлікті бөлу туралы келісімге қол жеткізе алмаған.

Бірінші сатының соты талапкердің талаптарын қанағаттандырудан бас тартқан. Апелляциялық шағымда талапкердің өкілі соттың шешімін бұзып, істі қайта қарауға жіберуді сұрады.

Өскеменде МАЭС-тің фронт-офисі таныстырылды

16/05/2018

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың фронт-офисін таныстырды.

Іс-шараға судьялар, медиаторлар, сотқа келушілер, адвокаттар және БАҚ өкілдері қатысты.

Шығыс Қазақстан облысы: сотта және соттан тыс татуласу

03/05/2018

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында өңірдің соттарында қаралған істер саны өткен жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 2 300 іске қысқарған. Бұл татуласу рәсімдерін дәріптеу бойынша облыстық сот жүргізіп жатқан жұмыстардың нәтижесі.

Беттер