Шығыс Қазақстан облыстық соты

Шығыс Қазақстанда судьялар зиялы қауым өкілдерімен кездесті

19/10/2018

Шығыс Қазақстан облыстық соты Өскемен және Семей қалаларында өңірдегі зиялы қауым және қоғам өкілдерімен кездесу өткізді.

Іс-шара «Татуласу: сотқа дейін, сотта»  пилоттық жоабсын іске асыру аясында өткізіліп, қатысушылар дауларды шешудің баламалы әдістерін одан әрі дамыту  мәселелерін талқылады.

Өскеменде 10 ерлі-зайыптының алтауы отбасылық тренингке қатысып, некені бұзу туралы талап арыздарын қайтарып алды

18/10/2018

Өскемен қалалық сотында Отбасына және балаларды қолдау орталығының мамандары отбасылық дауларға маманданған судья Әсемгүл Қасеновамен бірге «Мен және отбасылық қатынастарым» атты психологиялық тренинг өткізді.

Іс-шара Шығыс Қазақстан облыстық соты мен Орталық арасында бекітілген  меморандум және «Отбасылық сот» пилоттық жобасының шеңберінде өткізілді.

Тренингке сотқа некені бұзу туралы талап-арызбен жүгінген он ерлі-зайыпты қатысты.

Шығыс Қазақстанның медиаторлары Үйлестірілген орталыққа біріктірілді

24/09/2018

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы  Дамир Әбдіғалиев кәсіби медиаторлар ұйымдарының басшыларымен кездесті.

Ол баяндамасында медиаторларға сотқа дейінгі және соттан тыс дауларды (жанжалдарды) реттеу аясын кеңейту жөніндегі сот қызметі туралы айтып берді.

Кездесуге қатысушылар соттардың кәсіби медиаторлармен өзара байланыстың тиімділігін одан әрі жетілдіру мәселелерін талқылады.

Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында «виртуальдық сот» кабинеті екінші болып ашылды

24/09/2018

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының Баршатас ауылында Жоғарғы Соттың сот төрелігін атқаруды одан әрі цифрландырудың жетінші басымды бағытын жүзеге асыру аясында «виртуалды сот» іске қосылды.

Аягөз ауданында 28 ауылдық округ бар, олардың ішінде аудан орталығынан ең шалғайда орналасқан - Баршатас ауылы, оған қарасты тағы жеті елді мекен бар. Осы ауыл тұрғындары үшін әсіресе алыс шалғайдан келмей-ақ, сот отырысына қатысу мүмкіндіктері өте маңызды.

ШҚО Глубокое аудандық сотында «Виртуалды сот» қызметі іске қосылды

07/09/2018

Сот  төрелігін іске асыру процесін одан әрі цифрландыру бойынша Жоғарғы Соттың жетінші басым бағытын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрлан Қайырбековтің бастамасымен өңірде «Виртуалды сот» жобасын іске қосу жұмыстары жүзеге асырылуда.

Осы мақсатта Глубокое аудандық соты және осы аудан орталығынан 50 шақырым қашықтықта орналасқан Ушанов ауылдық округі әкімдігінің ғимаратында бейнебайланысы орнатылып, әкімдік ғимаратында арнайы сот отырысы бөлмесі жабдықталды.

Өскеменде Судьялар Одағы филиалының төрағасы патронатты қолдану тәжірибесімен бөлісті

27/08/2018

Судьялар одағы Шығыс Қазақстан облысы филиалының төрағасы Е.Жұмақсанов «Үміт» балалар үйінде Білім басқармасының өкілімен, Қостанай облысы Балалар Үйінің директорымен кездесу өткізді.

Бұл кездесу Қазақстан Республикасы Балалар үйлері Ассоциациясының бастамасымен ұйымдастырылды.

Атырау және Өскемен қалалық соттарында фронт-офистер ашылды

02/08/2018

Іс-шаралар Жоғарғы Соттың «Үлгілі сот» жобасын жүзеге асыру шеңберінде өтті.

Атырау қалалық сотында ашылған фронт-офис – ақпараттық орталық қызметін атқарады. Оған құжаттар қабылдайтын кеңсе, өзіне-өзі қызмет ету аумағы кіреді. Офис барлық заманауи стандарттарға сәйкестендіріліп, арнайы техникамен, күту аймағы ыңғайлы орындықтармен,  Wi-Fi желісі және желдеткіш жүйелерімен жабдықталған. Мұнда медиаторлар, адвокаттар және азаматтарға іспен танысуға арналған кабинеттер бар.

Өскеменде «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңды қолданудың өзекті мәселелерін талқылады

27/07/2018

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңды қолдану барысындағы өзекті  мәселелер» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Оның жұмысына  облыстық және экономикалық соттардың судьялары,  прокуратура, Мемлекеттік аудит департаментінің, Мемлекеттік сатып алу басқармасының, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Өскеменде облыстық сот медиация, атқарушылық жазба және түнгі соттың артықшылықтарын кеңінен түсіндіруде

24/07/2018

Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев өңірдің судьяларына «Татуласу рәсімдері, оның ішінде медиация, атқарушылық жазба және түнгі соттың артықшылықтарын түсіндіпу бойынша азаматтарға арналған жадынаманы» таныстырды.

Беттер