Шығыс Қазақстан облыстық соты

Азаматтардың құқығын қорғау - біз бірге шешеміз

30/09/2019

Шығыс Қазақстан облыстық соты мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірдегі Департаменті заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобын құруға бастамашы болды.

Бастама «Қоғамдық-құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды болдырмау» жобасын іске асыруға негізделген.

Шығыс Қазақстан облысының Мамандандырылғын ауданаралық экономикалық соты 415 дау бойынша тараптарды татуластырып, талап қоюшыларға 107 миллион теңге төленген мемлекеттік бажды қайтарып берді

13/09/2019

Жылдың басынан бері Шығыс Қазақстан облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты татуластыру рәсімдерімен 415 дауды, соның ішінде медиация жолымен 369 дауды  реттеді. Талап қоюшыларға 107 027 170 теңге төленген мемлекеттік баж қайтарылды.  

Аймақтың барлық соттарында татуластыру кабинеттері іске қосылып, жұмыс атқаруда. Ақпараттық материалдармен, жайлы жиһазбен жабдықталған бұл кабинеттерде түрлі татуластыру рәсімдері жүргізіледі. 

Шығыс Қазақстанда сұрау салынған адамдардың 95,0%-ы фронт-офистердің жұмысына оң баға берді

23/08/2019

Өңірде 15 фронт-офис жұмыс істейді. Оларды енді № 2 Жарма аудандық сотында, № 2 Алтай аудандық сотында және № 1 ювенальдық сотта ашу жоспарлануда.

Фронт-офистер жұмысының тиімділігін анықтау, оның ішінде көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау, ұсыныстар мен ескертпелерді зерделеу мақсатында соттарға келген адамдар арасында анонимді сауалнама жүргізілуде. Осылайша сауалнамаға қатысқандардың 95,0%-ы фронт-офистердің жұмысына оң баға берді.

Шығыс Қазақстан облысының соттарында жазаның орындалуы саласында 500-ге жуық электрондық материалдар қаралды

07/08/2019

Шығыс Қазақстан облыстық соты мен Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қол қойған Меморандум шеңберінде өңірдің соттарына үкімнің орындалуына байланысты  432 электрондық материал келіп түсті, қазірдің өзінде оның 367-сі қаралды. Олар жазадан шартты түрде-мерзімінен бұрын босатуға, ҚАЖ мекемелеріндегі жазаны неғұрлым жеңілдеу түріне ауыстыруға, кері күші бар заңды қолдануға және мәждбүрлеп емдеуді тоқтатуға қатысты болып отыр.

Шығыс Қазақстан облыстық сотында «Отбасылық сот» жобасын іске асыру мәселесі талқыланды

28/06/2019

Семинар-кеңестің жұмысына Жоғарғы Сот судьясы Ұлбосын Сүлейменова, Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот бөлімінің төрағасы Дамир Әбдуғалиев, Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот төрайымы Қаламқас Темірова, Ұлттық медиаторлар палатасының өкілі Марианна Дьячук, кәсіби медиатор Ольга Кузнецова, Отбасы орталығының президенті Жанна Жибраева, Қарағанды, Павлодар, Ақмола және Алматы облыстарының, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының судьялары қатысты.

Шығыс Қазақстанда сотқа дейінгі татуласудың бір түр ретінде Сақтандыру омбудсмені институтын енгізу тетігі талқыланды

14/06/2019

Шығыс Қазақстан облыстық сотында сақтандыру компанияларының өкілдері мен мүдделі тұлғалардың жұмыс кездесуі болды.

Кездесуге Қазақстанның Сақтандыру омбудсманы Андрей Копов қатысты.

Шығыс-Қазақстан облыстық соттың төрағасы Н.Қайырбеков азаматтарды онлайн режимде қабылдады

05/06/2019

Шығыс-Қазақстан облыстық соттың төрағасы Нұрлан Қайырбеков «TrueConf» мобильді қосымша арқылы азаматтарды қабылдады.

«TrueConf» қосымшасы шалғайдағы аудандардың азаматтарына сот ғимараттарына келмей-ақ, гаджеттің көмегімен облыстық соттың төрағасымен онлайн түрде нақты уақыт режимінде байланысып, өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарына толық қамтылған жауап алуға мүмкіндік береді. 

Семейде билер татуласу рәсімдерін өткізуге машықтанды

31/05/2019

Семейде жанжалдасушы тараптармен келіссөздер жүргізуге машықтануға арналған семинар-тренинг өтті.

Татуластыру бойынша шеберлік сабағын Халықаралық құқық қорғау орталығының жетекшісі, Қазақстан медиаторлар ассоциациясының бас директоры, кәсіби медиатор Жанділда Жақыпов өткізді.

Оның атап өткеніндей, Кеңестің барлық мүшелерінің бай өмірлік тәжірибесі бар. Дегенмен, жанжалды жағдайлардың әрқилы болатынын ескере келгенде оларға тараптарды татуластырудың заманауи әдіс-тәсілдерін меңгеру қажет болады.

Шығыс Қазақстан облысының ювеналдық сотында «Отбасы орталығы» ашылды

30/05/2019

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғлиев Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотында №1 «Отбасы орталығын» ашты.

Сот кәсіпорындар арасындағы 76 миллион теңге өндіру туралы дауды тараптарды татуластыру арқылы шешті

28/05/2019

Бір ЖШС екіншісінен 76 миллион теңге берешекті және екі миллион теңгеден астам сот шығындары мен өкілдің шығындарын өндіру туралы талап қойып, Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жүгінді.

Беттер