Шығыс Қазақстан облыстық соты

Шығыс Қазақстан облысы соттарына ағымдағы жылдың 10 айында түскен 58 мың талап арыздардың ішінде 57 мыңға жуығы электронды түрде түскен

28/11/2016

Шығыс Қазақстан облыстық  сотының төрағасы Досжан Әміров  облыстық аймақтық коммуникациялар қызметінде сот жүйесінің дамуы жөнінде БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз-мәжілісін өткізді.

Облыстық  сот төрағасы баспасөз мәжілісін аша отырып, Жоғарғы Сотпен бекітілген Ұлт Жоспарының барлық 10 қадамы, яғни сот жүйесін жетілдірудің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге қатысты жұмыстардың  орындалғандығы жөнінде атап өтті. Оған қоса, сот жүйесінің басымдығы оның ашықтығы екендігіне де тоқталды.

Шығыс Қазақстан облыстық сотында республика судьяларының VII съезінде Президенттің судьялар алдына қойған міндеттері талқыланды

25/11/2016

Шығыс Қазақстан облыстық соты төрағасы Досжан Әміров өңір судъяларының  және съез Делегаттарының қатысуымен, VІІ съезде Президенттің судьялар алдына қойған міндеттерін талқылау мақсатында кеңейтілген кеңес өткізді.

Шығыс Қазақстан облысы судьялар корпусының атынан съезге 18 делегат қатысты.

Сот актілерін орындау бөлімінің басшысына пара алғаны үшін 5 млн. теңге көлемінде айыппұл тағайындалды

24/08/2016

Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінің Сот актілерін орындау бойынша № 1 Өскемен аумақтық бөлімінің басшысы – аға сот орындаушысы Б. жер теліміне салынған тыйымның күшін жою жөнінде оңтайлы шешім шығарып беру үшін 100 000 теңге көлемінде пара алған.

Беттер