Шығыс Қазақстан облыстық соты

Өскемен қалалық сотында психолог кабинеті ашылды

23/07/2018

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев Өскемен қалалық сотында психолог кабинетін ашты.

Іс-шара «Отбасылық сот» пилоттық жобасын іске асыру аясында өткізілді.

Салтанатты ашылу рәсіміне судьялар, Отбасы және балалықты қолдау орталығының өкілдері, психологтар қатысты.

Өскеменде ауыл тұрғындары арасындағы дау татуласумен аяқталды

13/07/2018

М. шаруа қожалыққа, ауданның жер қатынастары бөлімі мен мемлекеттік кірістер басқармасына шаруа қожалықтың мүшесі деп тану туралы талап қоюмен Глубокое аудандық сотына жүгінді. М. аудан әкімінің шешімі бойынша оның ағасына шаруа қожалығын ұйымдастыруға жер теліміне тұрақты түрде пайдалау құқығы берілгенін, ал жер қатынастары және жерге орналастыру бойынша аудандық комитетке ШҚ-ны 4 адам құрамында тіркеу тапсырылып, оның орындалмағанын атап өтті.

Сот М.-ның талабын қанағаттандырудан бас тартты, осыған байланысты ол облыстық сотқа жүгінді.

Шығыс Қазақстанның судьялары шешендік өнер бойынша тренингтен өтті

10/07/2018

Шығыс Қазақстан облыстық сотында судьяларды көпшілік алдында сөйлеу дағысына үйретуге, медиативтік және келіссөздік құзыреттерін арттыруға бағытталған семинар-тренинг болып өтті.

Сонымен қатар Жоғарғы Соттың қабылданған «Сот шешімі туралы», «Сот үкімі туралы» және «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша сот қаулысы туралы» нормативтік қаулыларының ережелері, олардың ішіндегі сот актісі сапасының өлшемдері талқыланды.

Судьялар спорттық жарыстарда сайысқа түсті

02/07/2018

«Маңғыстау арена» спорт кешенінде өткен судьялар ІХ спартакиадасының батыс аймақтық жарысының салтанатты ашылу рәсіміне Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, соттардың төрағалары мен судьялары, спорт және мәдениет басқармаларының, құқық қорғау органдарының өкілдері, сот жүйесінің қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Өскеменде «Отбасылық сот» жобасын іске асыру аясында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

26/06/2018

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев пен Отбасы мен балалықты қолдау орталығы директорының м.а. Елена Гутова Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Татуласу рәсімдерін дамыту аясында

22/06/2018

Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қайрат Шақпантаев, облыс прокурорының бірінші орынбасары Ерғали Мабиев, ІІД анықтау басқармасының бастығы Серік Манапов, «Шаңырақ» медиация орталығының директоры Елизавета Абдрахманова, ШҚО бойынша Ұлтық Медиаторлар Палатасы директорының м.а. Алтынай Ксембаева, «Альтернатива» медиация және құқық орталығының директоры Аксана Каленова және «Медиация. Құқық. Келіссөздер» дауларды реттеу орталығының директоры Елена Нитяжук Ынтымақтастық туралы меморандум жасасты.

Өскемен қалалық сотында сот медиациясы кабинеті ашылды

20/06/2018

Ашылу салтанатына облыстық соттың судьясы Анжелика Володкина, қалалық соттың татуластырушы судьялары, «Альтернатива» құқық және медиация орталығының директоры Аксана Каленова, медиатор Рысбек Сүлейменова қатысты.

Іс-шара сот төрағасы Бауыржан Тайтөлеуовтың алғы сөзімен басталды. Ол, медиация кабинеті өзара тиімді шешімге қол жеткізу мақсатында судьялар тараптармен келіссөз жүргізетін жанжалды шешудің тиімді алаңы болатынын атап өтті.

Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Түнгі сот» пилоттық жобасы іске қосылды

15/06/2018

Өскемен қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында «Түнгі сот» пилоттық жобасы бастау алды.

Жұмыстың алғашқы күні жобаның аясында, көлік құралдары жүргізушілерінің көлік құралдарының зақымдануына әкеліп соққан жол жүру ережелерін бұзуы туралы 2 материал қаралды.

Өскеменде әдістемелік құрал таныстырылды

08/06/2018

Шығыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Дамир Әбдіғалиев «Нотариустың атқарушылық жазбасы институтын дамытудың өзекті мәселелері» атты әдістемелік құралды таныстырды.

Іс-шараға облыстық, сондай-ақ қалалық соттардың судьялары және нотариустар қатысты.

Беттер