сембілік

Жоғарғы Соттың судьялары мен қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты

29/04/2017

Жоғарғы Соттың 45 судьясы мен 200 қызметкері елорда әкімдігі ұйымдастырған «Қаламызды тазалайық!» атты сенбілікке қатысты. Іс-шараға Жоғарғы Соттың Төрағасы Қайрат Мәми де қатысты.

Жоғарғы Сот пен Астана қалалық соттары ғимараттарының маңында жоғары сот органының өкілдері 200-ден астам қайың, шырша, алма, мамыргүл, терек көшеттерін, сондай-ақ, 200-ден астам бұталарды отырғызды.

Ақмола облысының соттары сенбілік өткізді

11/04/2015

Ақмола облысы соттарының судьялары мен сот қызметкерлері сенбілік өткізді.

Ақмола облыстық соты кеңсесінің құрылымдық бөлімшелері Кеңсе басшысы Д.С.Сарымсақовтың жетекшілігімен Көкшетау қаласы бойынша бірінші болып сенбілік өткізіп, сот ғимаратының маңын ретке келтірді.

Сенбілік жоғарғы деңгейде өтті. Судьялар және сот қызметкрлері қардан кейінгі қалдықтарды тазалап, сот ғимаратының аумағын ретке келтірді, жол жиектері мен ағаштарды ақтады, бау бақшаларды, гүлзарлар және ағаш маңдарын тазалады.