Ресей Федерациясы

Ж.Асанов Сочиде өткен ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер жоғарғы соттары төрағаларының кеңесіне қатысты

19/06/2019

Жақып Асанов Сочиде (РФ) өткен ШЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер жоғарғы соттары төрағаларының XIV кеңесіне қатысты.

Іс-шараға сондай-ақ Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Пәкістан, Индия елдері жоғарғы соттарының төрағалары мен судьялары, сондай-ақ бақылаушы елдердің өкілдері, өзара қарым-қатынасқа мүдделі әріптестер қатысты.

Ресей Федерациясының сот органдары өкілдерінің делегациясы Қазақстанның Жоғарғы Сотында болып қайтты

09/04/2019

Ресей делегациясының құрамында - Липецк облыстық соты мен  суда Мордовияның Төрелік сотының төрағалары  Иван Марков мен Сергей Александров, Солтүстік-Кавказ округтік әскери соты мен  Татарстанның Жоғарғы Сотының судьялары Игорь Василенко мен Айдар Ишмуратов, сондай-ақ РФ Жоғарғы Сотының жанындағы Сот департаментінің қызметкерлері болды. Ресейлік тараптың бастамашылығы бойынша өтіп жатқан сапар бағдарламасының мұқият әзірленгені байқалады. Ол кездесулердің толымдылығымен және тақырыптарының әралуандығымен ерекшеленеді.

Павлодарлық судья азаматтық және азаматтық процестік заңнама үрдістері туралы Бүкілресейлік IV ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты

28/04/2017

«Ресейлік мемлекеттік сот төрелігі университеті» Қазан филиалының Федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары білім білім беру мекемесінде шет елдердің және Ресейдің жоғарғы кәсіптік оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының жетекші құқықтанушыларының қатысуымен өткен «Азаматтық және азаматтық процестік заңнаманы және оны қолдану тәжірибесінің заманауи даму үрдістері» атты Бүкілресейлік IV ғылыми-тәжірибелік конференцияға Павлодар облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Марина Иванова қатысты.

Ресей Президентінің кеңесшісі Вениамин Яковлев бастаған ресейлік делегация Қазақстанның Жоғарғы Сотына келді

20/06/2016

Ресей Президентінің кеңесшісі В.Ф. Яковлев бастаған ресейлік делегация Жоғарғы Сотқа келді. Іс-шара Қазақстан Республикасына жұмыс іссапарының шеңберінде өтуде.

Сапар шеңберінде ресейлік делегацияның Жоғарғы Сот Төрағасы Қ.Мәмимен кездесуі өтті. Кездесу шеңберінде тараптар екі ел сот жүйесінің дамуы туралы өзекті ақпаратпен және жылы лебіздермен алмасты. Кездесуге сондай-ақ Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі М.Бочарников қатысты.