оқу-сот процессінің қойылымы

Таразда жас судьяларға сот ісін жүргізу техникасына үйретуге бағытталған семинар-тренингтер өткізілді

04/04/2017

Жамбыл облыстық соты облыстың судьяларына арналған сот процестерін жүргізуге және істерді қараудың кәсіби техникасын игеруге бағытталған семинар-тренингтер өткізді.

Семинарларды облыстық соттың қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидов және облыстық соттың судьясы Гүлнәр Асылбек өткізді.

Целиноград аудандық соты оқыту сот процессінің қойылымын көрсетті

12/10/2016

Ақмола облысының Целиноград аудандық соты Ақмол ауылының №5 орта мектебінің әкімшілігімен бірлесіп, 10-11 сынып оқушыларының қатысуымен, алдын-ала әзірленген сценарий бойынша оқу-сот процессінің  қойылымын көрсетті.

Аталған іс-шараға «Қазақстанның пилот сотын талдау» миссиясының сарапшылары Францияның апелляциялық сотының экс-президенті Эрве Экспер мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының отставкадағы судьясы Ақмолдаева Елена қатысып, келешек ұрпаққа бұл іс-шараның тәрбиелік мәнінің маңыздылығын атап өтті.