Таразда жас судьяларға сот ісін жүргізу техникасына үйретуге бағытталған семинар-тренингтер өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жамбыл облыстық соты облыстың судьяларына арналған сот процестерін жүргізуге және істерді қараудың кәсіби техникасын игеруге бағытталған семинар-тренингтер өткізді.

Семинарларды облыстық соттың қылмыстық істер бойынша сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Абидов және облыстық соттың судьясы Гүлнәр Асылбек өткізді.

Тренингтің қатысушыларына қылмыстық және азаматтық істерді қарау кезінде туындайтын, тәжірибелік сұрақтарды (процеске қатысушылардың өзін-өзі ұстауына, өтініштеріне және т.б. байланысты) түрлі жағдайларды шешу ұсынылды. Өткізілген оқу-қойылымдық сот процестерінің барысында төрағалық етуші судьяның рөліне, процесті жүргізе білуіне, процесті жүргізу мәдениетіне мән берілді. Процестің қатысушылары іс бойынша төрағалық етушінің коммуникативтік қабілетін анықтау бойынша тәжірибелік дағдылар ұсынылды.

Оқу сот процестерін жүргізу қорытындысын талқылау барысында процестік құқықты және әдеп нормаларын сақтау қажеттілігіне судьялардың назары аударылды, істерді қарау техникасының мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.

Г. Асылбектің пікірінше, тренингте жас судьялар сот процестерін жүргізу бойынша талап етілген деңгейдегі білімді көрсетті және оларға кәсіби деңгейлерін және сот процестерін жүргізудің сапасын жоғарылатуды ұсынды. «Өткізілген іс-шаралар жас судьяларға үздік дәрежеде процес жүргізу бойынша кәсіби дағдыларды меңгеруге, тәжірибеде кездесетін күрделі сұрақтар бойынша тәжірибелі әріптестерімен пікір алмасуға жағдай туғызды», - деді облыстық соттың судьясы.

Қайнар: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі