Мемлекет басшысы

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәмимен кездесті

02/06/2017

Кездесуде Мемлекет басшысына «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында сот реформасын іске асыру және сот төрелігін жүзеге асыру жұмыстары жөнінде есеп берілді.

Елбасы сот жүйесінің және бүкіл құқық қорғау саласының алдында тұрған жұмыстардың ауқымды екенін атап өтті.

– Азаматтар сотқа сенім артып, көмек алу үшін жүгінгенде, шешім әділ болып, олардың құқықтары нақты қорғалғанда ғана заңның толық үстемдігі қамтамасыз етіледі. Қазір олай деуге әлі ерте, – деді Қазақстан Президенті.

Жоғарғы Сотта Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы талқыланды

18/05/2017

Бүгін Жоғарғы Сотта Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбындағы мақаласын бүкілхалықтық талқылау шеңберінде «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» атты «дөңгелек үстел» болып өтті.

Мемлекет басшысы «Жоғары Сот Кеңесі туралы» заңға қол қойды

04/12/2015

Жоғарғы Сот Мемлекет басшысы жариялаған «100 нақты қадам – баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» Ұлт Жоспарын іске асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

Осы Жоспарға сәйкес, ағымдағы жылғы 4 желтоқсанда Президент Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Кеңесі туралы» Заңға (бұдан әрі – Заң) және «Жоғары Сот Кеңесі, сот жүйесі және судьялардың мәртебесі мәселелері бойынша кейбір конституциялық заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңға  қол қойды.

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне қол қойды

31/10/2015

2015 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне қол қою рәсімі өтті. Мемлекет басшысы бүкіл халқымыз үшін құжаттың мәні зор болуына байланысты заңға қол қою тұңғыш рет жария түрде өткізіліп отырғанына назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ осы рәсімге БАҚ өкілдерінің қатысуы жаңа Кодекстің мәні мен маңызын халыққа кеңінен түсіндіруге мүмкіндік беретінін айтты.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау жөнінде селекторлық кеңес өтті

25/08/2014

Бүгін Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметовтің, Жоғарғы Соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы Еліс Әбдіқадыровтің және Жоғарғы Сот судьяларының қатысуымен селекторлық кеңес өткізді.

Кеңес жұмысына бейнебайланыс арқылы жергілікті соттар судьялары мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарының басшылары қатысты.