медиативті келісім

Солтүстік Қазақстан облысының соты жұмыс берушіден жұмысшылардың пайдасына жалақыны және қолданылмаған еңбек демалысы үшін үстемақы өндіріп алды

17/01/2017

Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар аудандық сотына Еңбек кодексінің талаптарын бұзып, төленбеген  жалақыны  және қолданылмаған еңбек демалысы үшін үстемақыны жұмыс берушіден өндіріп алу туралы «СБИ-Агро Ташкентка» ЖШС-нің 13 жұмысшысы талап арызбен жүгінді.

Сот отырысы барысында талапкер мен жауапкер сотқа медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісім ұсынды.