«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

Қостанай облыстық сотында белгілі қазақ жазушысы Ақылбек Шаяхметтің шығармашылық кеші өтті

11/12/2017

Қостанай облыстық сотында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында іс-шаралар жүзеге асырылуда. Бұған дейін ақын Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына арналған кеш, Елбасының өмір жолына негізделген «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінде басты рөлді сомдаған актермен кездесу, сонымен қатар, жуырда театрға барып, «Кейкі батыр» қойылымын ұжымдық тамашалау ұйымдастырылған болатын.

Жамбыл облысының Байзақ аудандық сотының қызметкерлері Ақыртас сарай кешенімен танысты

05/09/2017

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру шеңберінде, сонымен қатар, сот қызметкерлерінің рухани-мәдени танымын кеңейтіп, патриоттық сана-сезімін арттыру мақсатында Байзақ аудандық соты Жамбыл облысы Жамбыл ауданында орналасқан Ақыртас сарай кешеніне экскурсия ұйымдастырды.

Іс-шара барысында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражай қызметкерлері VIII-IX  ғасырлардағы Ақыртас ежелгі ғажайып ескерткішінің тарихы туралы айтып өтті.