Жамбыл облысының Байзақ аудандық сотының қызметкерлері Ақыртас сарай кешенімен танысты

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру шеңберінде, сонымен қатар, сот қызметкерлерінің рухани-мәдени танымын кеңейтіп, патриоттық сана-сезімін арттыру мақсатында Байзақ аудандық соты Жамбыл облысы Жамбыл ауданында орналасқан Ақыртас сарай кешеніне экскурсия ұйымдастырды.

Іс-шара барысында «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражай қызметкерлері VIII-IX  ғасырлардағы Ақыртас ежелгі ғажайып ескерткішінің тарихы туралы айтып өтті.

Ескерткіш үлкен күрең-қызыл тас блоктарынан салынған бір құрылыстың үйінділері. Кешен құрылысшылары өз заманы үшін таң қаларлық инженерлік технологияларды білген. Сонымен қатар, келушілер Ақыртас музейі ғимаратына қойылған экспозицияларды тамашалады.  

Экскурсия соңында судьялар мен сот қызметкерлері музей басшылығы мен қызметкерлеріне музейде жиналған құнды экспозициялар мен өлкетану материалдарының жас ұрпақты туған жердің тарихымен жан-жақты таныстыруға ықпал ететіндігін айтып, алғысын білдірді.

Қайнар: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі