Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты

Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында журналистерге сот ісін жүргізуді электронды нұсқаға көшіру барысы түсіндірілді

16/03/2017

Ағымдағы жылғы 1 ақпаннан бастап Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында бұйрық арқылы іс жүргізу істерін электронды түрде қарау бойынша пилоттық жоба тәжірибеге енгізілді.

Осыған сәйкес, аталған санаттағы істер жоба аясында қағаз нұсқасындағы құжаттарсыз, электронды түрде қарастырылатын болады.

Жоба Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәмидің өкіміне сәйкес сот ісін оңтайландыру мақсатында жүзеге асырылуда.

Астананың соты БИПЭК АВТО-ны тұтынушының автокөлігін ауыстыруға міндеттеді

13/09/2016

2014 жылғы 27 қарашада «Арқалық-Торғай» тас жолында талапкерге тиесілі автокөлік қозғалысы кезінде өрт шығып, соның салдарынан автокөлік толығымен өртеніп кеткен.

Автокөліктің  иесі «БИПЭК АВТО Казахстан» ЖШС-на «LADA» маркалы автокөлігіне тең дәрежедегі тауарға ауыстыру туралы сотқа талап арызбен жүгінген.