Ақмола облыстық соты

Ақмола облысының соттары мен ҚАЖ мекемелері электрондық сот ісін жүргізуді дамытуға бағытталған бірқатар іс-шараны жүзеге асыруды жоспарлап отыр

18/02/2019

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров пен Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Қайрат Айдарбеков электрондық сот ісін жүргізуді дамыту және мемлекеттік тілдің қолданылуын кеңейту мәселелеріне қатысты Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжатқа қол қою рәсіміне сот корпусы және ҚАЖД өкілдері қатысты.

Ақмола облысының судьясы Ақжан Ештайды еске алу құрметіне спартакиада өткізілді

22/01/2019

Спартакиаданы ашу салтанатында  облыстық сот төрағасы Досжан Әміров Ақжан Ештайдың өмірі мен еңбек жолы туралы айтып берді, жеке кездесу естеліктерімен бөлісті.

Әріптес туралы еске алу құрметіне судьялар А.Ештайдың Ақмола облысының сот жүйесін дамытуға қосқан үлесі туралы материалдарды жинақтап слайд-стенд безендірді.

Ақмола облыстық соты мен Көкшетау мемлекеттік университеті арасында меморандумға қол қойылды

21/12/2018

Меморандумға Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров пен Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Марат Сырлыбаев қол қойды.

Кездесуге судьялар қауымының өкілдері мен жоғарғы оқу орнының профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.

Республиканың судьялары бірқатар кездесулер өткізді

23/11/2018

Маңғыстау облыстық сотының судьясы Мурат Аубакиров, ювенальды сот төрағасы Лариса Шамгонова, судььялар Анар Толыкбаева мен Аида Булакбаева, медиатор Адеми Кемаладинова Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік тенологиялар және инжиниринг университетінің оқытушыларымен және студенттерімен кездесу өткізді.

Қоғаммен өзара іс-қимыл жасау шеңберінде

22/11/2018

Судьялар одағы Шығыс Қазақстан облысы филиалының төрағасы Елдос Жұмақсанов пен Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің ректоры Шырын Құрманбаева Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжат жас мамандарды жұмысқа орналастыру мен олардың білім деңгейін арттыруда жәрдем көрсетуге бағытталған. Онда Семей қалалық сотының базасында

Көкшетауда судьялар зиялы қауыммен, қоғам белсенділерімен және ақсақалдармен кездесті

03/10/2018

Кездесуге қатысушылар «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасы аясында татуласу рәсімдерін қолдануды дамыту мәселелерін талқылады. «Дөңгелек үстел» жұмысына «Бірлесе даму» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту қорының басшысы Нұргүл Қарағойшина, Жоғарғы Сот Төрағасының кеңесшісі Сағатбек Сүлеймен, Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров қатысты.

Ақмола облысы Жақсы ауданында қазақтың халық ақыны, әнші Ақан серінің атына көше берілді

24/09/2018

Ақмола облысы Жақсы ауданы Кировское ауылында қазақтың халық ақыны, әнші Ақан серінің есімімен көше атын беру бойынша іс-шара өтті.

Салтанатты іс-шарада ауыл тұрғындары, мектеп оқушылары, жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, судьялар, қоғам қайраткерлері мен Арғын және Қарауыл руларының ұрпақтары қатысты.

Көкшетауда медиация институтының рөлі талқыланды

01/08/2018

Қазақстан халқы ассамблеясының Ақмола облыстық хатшылығы «Қоғамдық келісім және жалпыұлттық  бірлік салаларындағы медиация институның рөлі» тақырыбында ұйымдастырған семинарда Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров медиация дауларды реттеудің өзекті құралы болып табылатындығын атап өтті.

Ақмола облысының 90 судьясы медиативтік, коммуникативтік және шешен сөйлеу дағдыларын дамытты

17/07/2018

Ақмола облыстық сотында медиативтік, коммуникативтік және шешен сөйлеу дағдыларын дамыту бойынша өңір судьяларына арналған семинар-тренинг өтті.

Оқыту сот жүйесін одан әрі дамыту бойынша Жоғарғы Соттың басым бағыттарын іске асыру аясында Жоғарғы Сот, Фридрих Эберт қорының Қазақстандағы өкілдігі, «EL TIREGI» Қазақстанның шағын және орта бизнес қауымдастығы тарапынан ұйымдастырылды.

Ақмола облысының сотында АҚ мен ЖК арасындағы кепіл бойынша дау сот медиациясы тәртібінде шешілді

10/07/2018

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Қаржылық қолдау қоры» АҚ жеке кәсіпкерлерден кепілге қойылған мүлікті өндіріп алу туралы талап қою арызымен жүгінді. Кепілге қою мүлкі – жер учаскілеріне жерді пайдалану туралы құқығы.

Дауды сотта қарау барысында тараптарға сот медиациясын қолдану ұсынылды. Нәтижесінде тараптар медиативтік келісім жасап, оның шарттары бойынша ЖК АҚ алдындағы берешек соммасын келісілген мерзімде өтеуге, ал АҚ кәсіпкерлерге кепіл мүлкіне құқық белгілеуші құжаттарын беруге міндеттелді.

Беттер