Қоғаммен өзара іс-қимыл жасау шеңберінде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Судьялар одағы Шығыс Қазақстан облысы филиалының төрағасы Елдос Жұмақсанов пен Қазақ инновациялық гуманитарлық заң университетінің ректоры Шырын Құрманбаева Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжат жас мамандарды жұмысқа орналастыру мен олардың білім деңгейін арттыруда жәрдем көрсетуге бағытталған. Онда Семей қалалық сотының базасында

Құжатта тараптар универститетте Семей қалалық соты жанында «Құқықтану» кафедрасының филиалын және Медиаторларды дайындау орталығын құру, психология және жанжалтану бойынша сот қызметкерлеріне арналған курстарды ұйымдастыру туралы  келісім бекітілді.

ЖОО студенттер нақты процестерге барынша жуықтатылған жағдайларда қойылымдық сот талқылауларына қатыса алатын сот мәжілісінің оқу залын ашудың салтанатты рәсімі өтті.

 

 

Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ерлан Жаңаділов пен аумақтық нотариаттық палатаның төрағасы Гүлжан Күбітаева Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжат дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс реттеу институттарын жан-жақты дамыту және белсенді енгізуге бағытталған.

Қол қою судьялар корпусы мен нотариаттық палаталары өкілдерінің қатысуында өтті.

Меморандумды іске асыру шеңберінде сот пен нотариаттық палата халық арасында атқарушылық жазбаларды жасау рәсімдері мен медиация артықшылығы, сондай-ақ тиісті құқықтық қолдану тәжірибесін түсіндіру жүргізетін болады.

Источник: 
Шығыс Қазақстан жәнге Ақмола облыстық соттардың баспасөз қызметтері