Ақмола облыстық соты

Ақмола облысының Бурабай аудандық сотында фронт-кеңсе ашылды

03/10/2019

Ашылу салтанатына Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров, Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Уалихан Ғабдуллин, Соттар әкімшісінің басшысы Данияр Сапарбек, Бурабай аудандық сотының төрағасы Абзал Балабеков, судьялар, медиаторлар, адвокаттар, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік органдардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар және қала тұрғындары қатысты.

Ақмолалық судьялар салауатты өмір салтын насихаттауда

13/08/2019

Көкшетауда «Әділет» жаңа стадионында Нұр-Сұлтан, Ақтау, Теміртау, Петропавл, Көкшетау қалалары және Бурабай кентінің командалары арасында мини-футболдан қала аралық турнир өтті. Жарысқа сот жүйесінің ардагерлері, металлургтер, спортшылар, интернационалист-жауынгерлер, футбол мен спортты сүйгіш қауым қатысты.

Футбол және волейбол алаңы бар спорт кешені өңір судьяларының өз қаражатына салынған.

Ақмола облысында майдангер - судья Дулат Төлеутаевтың құрметіне мемориалдық Ескерткіш тақта ашылды

06/05/2019

Ақмола облысының Ақкөл аудандық сотының ғимаратында Жеңіс Күні мерекесі қарсаңында екінші дүниежүзілік соғыстың және сот жүйесінің ардагері Дулат Төлеутаевқа арналған мемориалдық Ескерткіш тақтаны салтанатты жағдайда ашу рәсімі өтті.

Ақмола облыстық сотында «адал сауда дүкені» ашылды

12/04/2019

Облыстық соттың қызметкерлері мен келушілер «адал сауда дүкенінде» сатып алған заттарының ақшаларын жәшікке қалдырып сауда жасайды. Мұнда сатушы жоқ, тек заттардың бағалары көрсетілген және осы жерде жәшік қойылған.

Жобаның мақсаты-қоғамда сенім ахуалын орнықтыру болып табылады. 

Ақмола облыстық сотының төрағасы Д. Әміров аймақтағы алты ауданның тұрғындарымен кездесулер өткізді

13/03/2019

Досжан Әміров Зеренді, Сандықтау, Атбасар, Жақсы, Есіл, Жарқайың аудандарында тұрғындармен көшпелі кездесулер өткізді. Облыстық соттың төрағасы жүргізіліп жатқан сот жүйесін жаңғыртудың қырларын түсіндіріп, сот ісін жүргізуде татуластыру процедаруларын, мемлекеттік тілді, заңға енгізілген түзетулерді қолдану туралы сөйледі.

Ақмола облысында «Үш би» монументі салтанатты түрде ашылды

01/03/2019

Ақмола облысында  Целиноград аудандық соты ғимаратының алдында, Ақмол селосының «Жеті жарғы» көшесіне қарайтын жағында «Үш би» монументінің салтанатты түрде ашылу рәсімі болып өтті.

Өңірдегі қуанышты оқиғаға айналған бұл іс-шараға аудан тұрғындары, сот жүйесінің, әкімдіктің, мәслихаттың, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелердің, бизнес-құрылымдардың өкілдері,  еңбек және сот жүйесінің ардагерлері қатысты.

Ақмола облыстық сотында мемлекеттік тілдің сот ісінде қолданылу мәселелері тақыланды

22/02/2019

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров «дөңгелек үстел» өткізді, оған қатысушылар сот ісін жүргізуде және іс қағаздарының жүргізілуінде тіл туралы заңнама нормаларының толыққанды қолданылуына кедергі келтіретін проблемалық мәселелерді талқыға салды.

Талқылауға судьялар, облыстық әкімдік, прокуратура, полиция, мемлекеттік кіріс, әділет, ішкі саясат, жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының және басқа да мекемелердің өкілдері қатысты.

Беттер