Ақмола облыстық соты

Көкшетауда еңбек даулары мен жанжалдарын реттеу бойынша тұрғындарға қызметтер кешенін көрсетуге арналған Татуласу орталығы ашылды

04/07/2018

Көкшетаудың Кәсіподақтық орталығының ғимаратындағы Орталықтың салтанатты ашылу рәсімін Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров және Кәсіподақтық орталықтың төрағасы Қали Ахметов өткізді.

Іс-шараға еңбек бойынша инспекцияның, Кәсіпкерлер палатасы мен кәсіподақтық ұйымдардың өкілдері, адвокаттар және медиаторлар қатысты.

Судьялар спорттық жарыстарда сайысқа түсті

02/07/2018

«Маңғыстау арена» спорт кешенінде өткен судьялар ІХ спартакиадасының батыс аймақтық жарысының салтанатты ашылу рәсіміне Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, соттардың төрағалары мен судьялары, спорт және мәдениет басқармаларының, құқық қорғау органдарының өкілдері, сот жүйесінің қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.

Көкшетауда Соттар әкімшісі мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесті

28/06/2018

Соттар әкімшісінің басшысы Данияр Сапарбек қонақтарды «Сот кабинеті» сервисі функционалдарының, бейнеконференцбайланыстың, аудио-, бейнетіркеудің жұмысы туралы хабардар етті, сондай-ақ Соттар әкімшісі көрсететін «Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарды апостильдеу» мемлекеттік қызмет түрін түсіндірді.

Ақмола облысының Бурабай аудандық сотында электрондық қылмыстық іс қаралды

26/06/2018

Бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырыла тұра, қайтадан масаң күйде автокөлікті жүргізген В.-ға қатысты қылмыстық іс Бурабай аудандық сотына электронды форматта түсіп, қаралды.

Электрондық қылмыстық істі қарау үшін сот отырысының залы кеңсе техникасымен жабдықталған, судья, прокурор мен адвокаттың жұмыс орны автоматтандырылған. Сот отырысының алдында процестің әрбір қатысушысына арнайы құпиясөз беріледі, оны енгізу арқылы қатысушылар іс бойынша электрондық процестік құжаттармен таныса алады.

Ақмола облыстық сотында медиация кабинеті ашылды

05/06/2018

Ақмола облыстық сотында «Соттағы татуластыру рәсімдері» пилоттық жобасын іске асыру аясында медиация кабинеті ашылды.

Медиация кабинеті медиацияны қолдану мен оның артықшылықтары туралы қажетті ақпараттық материалдармен, ұйымдастырушылық техника және жайлы жиһазбен жабдықталған.

Ақмола облыстық соты «Латын графикасындағы мемлекеттік тіл» тақырыбында семинар өткізді

17/05/2018

Ақмола облыстық соты өңірдің Тілдерді дамыту басқармасымен бірлесіп, «Латын графикасындағы мемлекеттік тіл» тақырыбында семинар өткізді, оның жұмысына онлайн режимде аудандық және оларға теңестірілген соттар қатысты.

Семинарда облыстық соттың төрағасы Досжан Әміров, Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Марал Жақыпова, Ш.Уәлиханов атындағы қазақ филология кафедрасының оқытушылары, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушылары, оқу-әдістемелік орталығының өкілдері және судьялар сөз сөйледі.

Жарқайың аудандық сотының жаңа ғимараты ашылды

09/02/2018

Ақмола облысының Державинск қаласында аудандық сот жаңа ғимаратқа көшті.

Ғимаратты Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Нұрсерік Шәріпов, Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров және қаланың 90 жастағы ақсақалы Беріктас Баймолдинов салтанатты түрде ашып, лентасын қиды. Ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Асқарбек Үйсімбаев, Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан, жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдары және БАҚ өкілдері, сондай-ақ Жарқайың ауданының тұрғындары да қатысты.

Ақмола облыстық сотында мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту мәселелері талқыланды

14/12/2017

Ақмола облыстық сотында мемлекеттік тілдің рөлі мен маңыздылығын, сонымен қатар, сот төрелігін іске асыру саласында мемлекеттік тілді қолдану мәселелерін  талқылау мақсатында «дөңгелек үстел» өтті.

Беттер