200-ге жуық судья сотта медиацияны жүргізудің практикалық аспектілерін талқылады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сот Қазақстандағы Америкалық заңгерлер қауымдастығымен (ABA ROLI) және USAID өкілдігімен бірлесіп «Сотта медиацияны өткізудің практикалық аспектілері. Медиатордың негізгі техникасы» тақырыбында онлайн-тренинг өткізді. Оның жұмысына халықаралық сарапшылар мен республиканың 200-ге жуық татуластырушы-судьялары қатысты.

Тренингті халықаралық медиатор, БҰҰ Омбудсмен кеңсесінің (UNDP, UNFPA, UNICEF, UNFPA, UN - Women) медиаторы, Лондон халықаралық төрелік сотының делдалы, Дүниежүзілік Банктің Омбудсмен кеңсесінің медиаторы, заңгер, LLM Татьяна Беляева өткізді.

Т. Беляева АҚШ, Беларусь, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы елдерінде медиация мен келіссөздер бойынша жүзден астам тренинг өткізді. Ол ұлттық және шетелдік корпоративтік, шарттық құқық, еңбек құқығы, сондай-ақ ЕО құқығы және дауларды шешу саласында маманданған. Сонымен қатар ол Лондон халықаралық төрелік соты (LCIA) ұсынған делдалдардың тізіміне енгізілген.

Семинарды аша отырып, Жоғарғы Соттың Төрағасы Жақып Асанов жаттықтырушының кәсіби шеберлігін және АПК-ге жақында енгізілген өзгерістерге байланысты семинардың өзектілігін атап өтті. Ол даудың тараптары арасында ымыраға келуге дәнекер болатын, оларға шешімдердің қолайлы нұсқаларын ұсына алатын және оларды бұлтартпас дәлелдермен сендіре алатын судьяны ісі оңға басатын судья деп атады. Төраға әрбір судьяның медиация мен шешендік өнер дағдыларын меңгеруге ұмтылуы қажеттігін атап өтті.

Ж. Асанов АПК-нің бұрынғы ескі екі сатысы: істі дайындауды және сот талқылауын еске салды. 22 маусымнан бастап АПК-де өзіндік бір саты - татуластыру сатысы және «татуластырушы-судья» ұғымы пайда болды. Бұл «Татуласу: сотқа дейін, сотта» деп аталатын жобаның 2 жылдық жұмысының нәтижесі болып табылады. АПК бұрын тараптарға татуласуға уақыт бермеді және татуластыруға тырыспады. Енді қойылған талап бірден судьяның алдына барады. Оның мақсаты – тараптарды 14 күн ішінде татуластыру. Егер бұл іске асса қойылған талап кері қайтарылады. Ал енді іске аспаса істі басқа судья қарайды. Ол да бүкіл процесс барысында тараптардың ымыраға келуіне көмектесуі керек.

Жоғарғы Соттың Төрағасы татуластырушы-судьяның өзінің барлық қабілетін және медиациялық дағдыларын жұмсауға  тиіс екеніне ерекше назар аударды. Егер әрбір судья тараптарды татуластыра алатын болса, онда сот ауыртпалықтарының саны да едәуір қысқарады. Соттан тыс институттарға және сот медиациясына баса назар аударылатын дамыған елдерде даудың 90% - ы сотқа жеткізілмей тиісті шешімін табады. «Қазақ билерінің міндеті кінәлілерді іздеу емес, қайта оларды татуластыру еді. Маған әрдайым «дауласқан адамдарды татуластыра алатын соттың мерейі үстем болады деген сөз ұнайды», - деді  Ж. Асанов.

Сарапшы Т. Беляева өз сөзінде медиаторлардың жұмыста қолданатын негізгі тәсілдері туралы айтып, медиацияны енгізу және пайдалану бойынша әлемнің дамыған елдерінің тәжірибесімен бөлісті. Ол ЭЫДҰ елдеріндегі тәжірибелерден татуласу бойынша әртүрлі мысалдарды келтіріп, бұл елдерде соттасу өте қымбатқа түсетінін және соттасудың ұзақ уақыт алатынын атап өтті. Сондықтан сотқа бармас бұрын тараптар бұл елдерде алдымен медиаторға жүгінеді. Мысалы, Ұлыбритания мен Канадада даулардың 80-90%-ы медиация арқылы шешіледі. Соттар шын мәнінде тек күрделі істерді қарайды.

Семинар практикалық жағынан да ерекше болды. Оған қатысушылар даудың түрлі сәттерін және жанжалдасқан адамдардың психологиялық аспектілерін «талдады» және кәсіби сұрақтарға жауап алды.

Кездесу соңында Т. Беляева қазақстандық судьялардың медиаторлыққа дайын екендігін, олардың белсенділікті арттырып, білімдерін толықтыруға ниетті болып отырғанын айтты.

Ж. Асанов сөзін қорыта келе, әріптестерін өздерінің кәсіби деңгейін үнемі арттырып отыруға шақырды. Өзара татуластудың ізгілікті іс екенін жанжалдасушы адамдардың есіне ұдайы салып отырудың өзі маңызды. Жоғарғы Соттың Төрағасы АПК - де медиация арқылы татуласу мүмкіндіктерінің кеңейтілгеніне тағы бір назар аударды. Ол судьялардың  жаңа АПК жағдайында туындаған мәселелердің жауабын табуына көмектесу мақсатында бір айдан кейін осындай онлайн-кездесулерді тағы да өткізу қажет деп санайды.

Семинар отличался практической составляющей: участники «разобрали» различные ситуативные моменты споров и психологические аспекты конфликтующих, получили ответы на актуальные профессиональные вопросы.

В заключение еще раз призвал коллег постоянно повышать свой профессиональный уровень и всегда доводить до конфликтующих то, что шаг к примирению всегда благороднее, чем победа любой ценой в суде. Председатель Верховного Суда еще раз обратил внимание на расширенные ГПК возможности к медиации. Он посчитал необходимым провести еще ряд аналогичных онлайн-встреч спустя месяц с тем, чтобы судьи смогли на них найти ответы а вопросы, которые возникнут у них в рамках работы уже нового ГПК.

Қайнар: 
Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі
Тегтер: