Республиканың соттары: пилоттық жобалар жұмыс үстінде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 90-нан аса судья-татуластырушылар 18 086 істі қарады, олардың ішінде 5 303 іс бойынша татуластыру рәсімдері өткізілді. Татуластырудың танымал болуы енді ғана белең алап келе жатқанын ескерсек, бұл аз емес.

Өткен тоқсанда  «Сот кабинеті» арқылы қазақстандықтар  263 мынан астам құжат жіберген. Олардың арасында 149 мың талап қою арыздары (2017 жылдың 12 айында - 885 мың) болған. Жыл басынан бері БКБ арқылы 2 064 сот отырысы өткізілді. 4 мыңнан астам материалдар  сотталғандарды этаппен жөнелтпей-ақ қаралды.

Мысалдарға жүгінетін болсақ, жобалардың жұмыс істеуі былайша сипатталады.

 

Ақтөбе облысының  мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына шетелдік акционерлік қоғам  жергілікті компаниядан 1 057 000 рубль борышты және 190 260 рубль айыпақыны өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінген.

АҚ талап қоюды былайша уәждеген, жауапкер өзіне алған шарттық міндеттемелерді берілген тауар үшін төлем жасау бөлігінде тиісінше орындамаған.

Азаматтық істі өз қарауына қабылдап алған судья тараптармен кездесу кезінде медиацияны талқылау мен жоспарлаудың барлық сатысынан өткен, жанжалға қатысушылардың әрқайсымен жеке-жек жүздесулер өткізілген. Нәтижесінде тараптар сот медиациясы тәртібімен дауды ретке келтіру туралы келісімге келген. Оның шарттары бойынша жауапкер мәмілеге келіп, 1 057 000 ресей рублін – яғни берілген тауардың құнын төлеген және 37 418 рубль мемлекеттік бажды талапкерге қайтарған. Талапкер өз кезегінде айыпақыны және сот шығындарын өндіріп алу туралы талап қою талаптарынан бас тартты.

Сот, медиативтік келісімді бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты. Талапкерге мемлекеттік баж қайтарылып берілді.

Тараптардың бірлескен жұмысын қамтамасыз ете отырып, сот жанжалдың сындарлы шешілуіне септігін тигізді, бұл ретте тараптардың екеуінің де мүдделері ескерілді, және олар үшін өзара тиімді әрі орындалатын болды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді. 

 

Павлодар облыстық сотының татуластыру кабинетінде алғаш рет судья-татуластырушының және Билер кеңесі мүшелерінің ықпал етуімен сот медиациясын өткізу туралы келісімге қол жетті.

Азамат пен  АҚ арасындағы дау жарты жылға жуық созылды.

2017 жылғы мамырдың аяғында  Павлодардың тұрғыны  электр қуатын есептегіш құралымен ескі электр шкафтарын заманауи жинақы тақташаларға ауыстырған. Тұтынушының ауызша тапсырысы бойынша электромонтер АҚ пломбысының алынуы мен орнатылуын жүргізген. Бұл ретте енгізу қосқышына пломбыны орнатпаған, трансформацияның тиісті емес коэффициентін орнатуға назар аудармаған және сәйкесінше акт жасамаған. 2018 жылғы қыркүйекте АҚ қызметкерлері есептегіш аспаптарға тексеру жүргізген, тұтынушылар болмаған кезде беті ашылған бұзушылықтар туралы акт жасаған, қайта есептелген бір миллионнан астам теңге төлемге ұсынылған. Тараптардың әрқайсысы сотта өз дәлелдерінің дұрыстығын көрсетпек болуға тырысқан.

Тек апелляциялық сатыдағы сотта ғана жанжалға қатысушы тараптармен ұзаққа созылған келіссөздер нәтижесінде Биелер кеңесі мүшелерінің (осы өңірдің еңбек сіңірген қайраткерлері мен беделі биік құрметті азаматтары Александр Рюмкиннің, Әбжан Шахматалинов пен Қаиртас Нұрғалиевтің) көмегімен татуласуға қол жетті және тараптар татуласу туралы келісімге қол қойды.

 

 

Маңғыстау облысының  мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына бір ЖШС борыш сомасын өндіріп алу туралы талап арызбен екіншісіне жүгінген.

Сот талқылауы барысында тараптар  дауды (жанжалды) медиация тәртібімен ретке келтіру туралы келісімді ұсынды, соған сәйкес жауапкер, қойылған 1 321 387 732 теңгенің талабын мойындап, оны көрсетілген уақыттың аяғына дейін өтеуге міндеттенді.

Медиативтік келісім шарттарын жауапкер оындамаған жағдайда, атақару парағын алу үшін талапкердің сотқа жүгінуге, оны мәжбүрлеп орындатуға беруге құқылы екені тараптарға түсіндірілді.

Төленген 39 641 632  теңге мемлекеттік баж талапкерге қайтарылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді. 

 

Шығыс Қазақстан  облыстық соты мен  Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қол қойған Меморандумды жүзеге асыру шеңберінде, үкімнің орындалуы туралы материалдар соттан ҚАЖ-ға электронды форматта жэіберіледі.

«Электронды» материалдарды  Өскемен және Семей қалаларының №2 соттары қарайды.

Өңірдің бес, оның ішінде орташа, максималды және төтенше қауіпсіздіктегі мекемесі цифрландыруға қамтылып отыр.

Соттарға жыл басынан бері жазадан шартты түрде-мерзімінен бұрын босату, жазаны неғұрлым жеңілірек жазаға ауыстыру туралы 198 электрондық материал келіп түскен, 120-сы қаралған.

Электронды сот ісін жүргізуді енгізу «қағаз» материалдарды қалыптастыруға мемлекеттің шығындарын айтарлықтай үнемдеп азайтуға, сотталғанның жеке ісін сотқа жолдаудың қажет болмауына байланысты сотталғандарды бір мекемеден екіншісіне кедергісіз ауыстыру мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.

 

 

Батыс Қазақстан облысының Орал мамандандырылған әкімшілік соты «Түнгі сот» жобасы аясында ағымдағы жылдың 4 айында әкімшілік құқық бұзушылық туралы 314 істі қарады. Олардың 92-сі – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша және 116-сы – кішігірім бұзақылық туралы. Қалғандары  алкогольдік ішімдіктер ішуге немесе масаң күйде қоғамдық орындарда болуға, жол-көлік оқиғаларына,  ішкі істер органдарының қорғаныс ескертулерін бұзуға, көлікті басқаруға байланысты құқық бұзушылықтарға, жүргізушінің ЖКО-ға байланысты міндеттемелерді, соттың шешімін немесе басқа да сот актісін және атқару құжатын орындамауына қатысты.

Тек қана ағымдағы жылғы 19 сәуірде сот жоба аясында 20 іс қарады. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау кезінде сот  медиацияны кеңінен қолданып келеді. Мәселен, отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 28 әкімшілік іс татуласу туралы келісімге келумен аяқталды, осыған байланысты олар бойынша іс жүргізу тоқтатылды.  

Әкімшілік істерді азаматтар үшін қолайлы уақытта қарау оқиғаның салдарын өте қысқа мерзімде жоюға және зақымдалған автокөлік үшін сақтандыру төлемін алауға мүмкіндік береді.

Источник: 
Жергілікті соттардың баспасөз қызметі