Жоғарғы Соттың жалпы отырысының жаңа хатшысы сайланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін еліміздің жоғары сот органының жалпы отырысы өтті. Бірқатар кадрлық мәселелер қаралды.

Жалпы отырыстың қазіргі хатшысы, Жоғарғы Соттың судьясы Қ.Шаухаров хатшы қызметінен босату туралы өтініш берді. Ол қолдауын тапты. Қайрат Мәми Жалпы отырыстың жаңа хатшысы лауазымына Жоғарғы Соттың судьясы Әлмағамбетова Гүлжан Жақсылыққызының кандидатурасын ұсынды.

Кандидатты таныстыра келе, Жоғарғы Сот Төрағасы: «Жоғарғы Соттың барлық судьяларының процестік құжаттарды дайындау сапасына үнемі мән беріп отырамын. Гүлжан Жақсылыққызы сот актілерін жоғары деңгейде әзірлейді. Оның тәжірибесі мен жұмыс өтілі мол, Жоғарғы Соттың екі алқасында жұмыс істеп, өзінің белсенді еңбек қабілеттілігімен ерекшеленді».

Дауыс беру қорытындысы бойынша Г.Әлмағамбетованың кандидатурасына қолдау көрсетілді. Қ.Мәми жаңа хатшыны құттықтап, оған табысты қызмет етуіне тілектестік білдіріп, таяу болашақта орындалуы тиіс басым міндеттерді белгілеп берді.

 

Гүлжан Жақсылыққызы Әлмағамбетова Еңбек Қызыл Ту орденінің Свердловский заң институтының «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алған.

1998 жылы  - Зеренді аудандық сотының судьясы.

1998-2002 жылдар аралығында Көкшетау қалалық сотының судьясы болып жұмыс істеді.

2002-2009 жылдары - Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы.

2009 - 2016 жылдары - Ақмола облыстық сотының судьясы.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы.

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі