Жоғарғы Соттың судьясы В.Ноздриннің «Жер жауапкершілікті талап етеді» тақырыбындағы сұхбаты «Время» газетінде жарияланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Соттың судьясы Валерий Ноздрин «Время» газетінің оқырмандарына жер дауларына қатысты сот практикасы туралы, жер қатынастарын реттеу және осы саладағы заңдылықты нығайтудың келешегі туралы айтып берді.

Спикер сұхбатында жерді заңсыз беру және басып алу, сондай-ақ жер заңнамасын бұзғаны үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі мәселелеріне назар аударды.

Сұхбатта судья Жер кодексіне, сәулет және қала құрылысы мен құрылыс қызметі туралы заңдарға, сондай-ақ Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысына өзгерістер енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды. Өз кезегінде, бұл түзетулер бірыңғай сот практикасын қалыптастыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауды жақсартуға бағытталған.        

Сұхбаттың толық нұсқасын келесі сілтемеге өту арқылы оқуға болады:  https://time.kz/articles/ugol/2019/07/17/zemlya-trebuet-otvetstvennosti  

 

Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі