Архив событий

29/07/2019

«Distritech» ЖШС бас директоры А.Серғазиев: «Еліміздің сот төрелігі іс жүзінде азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының шынайы және пәрменді түрде қорғалуын қамтамасыз етеді»

29/07/2019

«Distritech» ЖШС бас директоры Айбек Серғазиев Жоғарғы Соттың ол басқарып отырған компанияның құқығын қалпына келтіргені туралы ақпаратты жариялауды өзінің борышы деп санайды. «Еліміздің сот төрелігі іс жүзінде азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының шынайы және пәрменді түрде  қорғалуын қамтамасыз етеді» , - деп атап өтті ол Жоғарғы Сотқа жазған хатында.

Украинада жүрген азамат «TrueConf» мобильді қосымшасы арқылы Петропавлда өткен сот процесіне қатысты

29/07/2019

Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты субсидиарлық жауапкершілікке тарту тәртібімен соманы өндіріп алу туралы азаматтық істі қарады.

Үшінші тұлғаның – мемлекеттік компанияның Киевте болуына байланысты, оның басшылығы өз өкілінің процеске «TrueConf» мобильді қосымшасы арқылы қатысуына өтініш білдірді. Мобильді мессенджер процеске қатысушысының қашықтықтан түсініктеме беруіне мүмкіндік жасады.