Архив событий

18/07/2019

Беларусь Республикасы Тергеу комитетінің делегациясы Қазақстанның Жоғарғы Сотына жұмыс сапарымен келді

18/07/2019

Сапар барысында Беларусь делегациясы істерді электронды форматта жүргізу бойынша қазақстандық әріптестерінің тәжірибесін зерделеп, Жоғарғы Соттың ақпараттық жобаларымен танысты.  

Н.Ахметзакиров меймандарды қарсы ала келе, электронды сот төрелігін жүзеге асыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті. Департамент басшысы атап өткендей, ақпараттық технологияларды қолдану сот төрелігін жүзеге асыру процесін оңтайландырудың және сот ісін барынша айқын жүргізуге қол жеткізу бағыттарының бірі  болып табылады.  

Әбдірашит Жүкенов Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып тағайындалды

18/07/2019

Бүгін Жоғарғы Сот Төрағасының міндетін атқарушы Айгүл Қыдырбаева жоғары сот органының ұжымына қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының жаңадан тағайындалған төрағасы Әбдірашит Жүкеновті таныстырды.

«Біз Әбдірашит Төлегенұлын жақсы білеміз. Ол ұзақ жылдар бойы еліміздің сот жүйесінде, сондай-ақ прокуратура және қаржы полициясы органдарында қызмет атқарды. Ол бұрын да осы алқаны басқарған. Білікті әрі тәжірибелі басшы», - деді А. Қыдырбаева.

Жоғарғы Соттың судьясы В.Ноздриннің «Жер жауапкершілікті талап етеді» тақырыбындағы сұхбаты «Время» газетінде жарияланды

18/07/2019

Жоғарғы Соттың судьясы Валерий Ноздрин «Время» газетінің оқырмандарына жер дауларына қатысты сот практикасы туралы, жер қатынастарын реттеу және осы саладағы заңдылықты нығайтудың келешегі туралы айтып берді.

Спикер сұхбатында жерді заңсыз беру және басып алу, сондай-ақ жер заңнамасын бұзғаны үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі мәселелеріне назар аударды.

Наиль Ахметзакиров Департаменттің 2019 жылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмысын қорытындылады

18/07/2019

Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшысы Наиль Ахметзакиров Департаменттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және Соттар әкімшілерінің қатысуымен кеңес өткізді. Кеңесте 2019 жылғы бірінші жартыжылдықтағы ведомство жұмысының қорытындылары талқыланды. Кеңес өңірлермен бейнебайланыс арқылы өтті.