Жоғарғы Сот: В.Козловқа қатысты сот актілері қайта қаралмайтын болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сот қадағалау тәртібімен іс қозғаудан бас тартты және Владимир Козловқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды. 

«Сот актісін қайта қарау үшін негіз болмағандықтан, біз  қадағалау іс жүргізуін қозғаудан бас тарту туралы шешім шығардық» - деді Жоғарғы Сот судьясы Моряк Шегенов.

Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2012 жылғы 8 қазандағы үкімімен В. Козловты мүлкі тәркіленіп, 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырды.

Сот Владимир Козловты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің  үш бабы бойынша, яғни: «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру», «Қазақстан Республикасының конституциялық құрлысын күшпен құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақыру», «Қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) құру және оны басқару, сол сияқты оған қатысу» бойынша кінәлі деп таныды.

2012  жылғы  19  қарашада  тіркелмеген  «Алға»  партиясының  лидері  В. Козловтың апелляциялық шағымы Маңғыстау облысының апелляциялық сот алқасы қанағаттандырусыз қалдырған.

ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі