Жоғарғы Сот ведомстволық статистиканы жүргізу мәселелері бойынша семинар өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бейнеконференцбайланыс арқылы оқуға статистикалық есептерді құруға жауапты жергілікті соттар кеңселерінің қызметкерлері қатысты. Олар электронды ақпараттық есептік құжаттарды құру және ведомстволық статистиканы жүргізу мәселелерін талқылады.

Семинар барысында Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Жергілікті соттардың және кеңселердің қызметін ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары Индира Құсайынова сөз сөйледі. Ол семинарға қатысушылардың назарын құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында уәкілетті органдарға құқықтық статистикалық құжаттамалық ақпаратты ұсыну кезінде соттардың жол беретін негізгі бұзушылықтарға аударды. Ведомстволық статистиканы құру бойынша соттар кеңселерінің жұмысында кездесетін кемшіліктерге басты назар аударылды. И.Құсайынова оны құру құқықтық статистикалық ақпараттың объективтілігіне әсер ететітін және мемлекеттік органдар мен азаматтарды жеткілікті ақпараттық қамтамасыз ету үшін қажеттігін атап көрсетті.

Қызу және сындарлы диалог құрылып, талқыға салынып отырған проблемалы мәселелер бойынша қызу пікірталас туып, пікірлермен алмасты, электронды ақпараттық есептік құжаттардың деректемелерін толтыруға қатысты мәселелерге түсініктемелер берілді.

Источник: 
Департаменттің Жергілікті соттардың және кеңселердің қызметін ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі