Жоғарғы Сот қызметкерлері «Деректер туралы ғылымға кіріспе» семинарында білім алды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Оқытуды «BeCloud» консалтингтік IT-компаниясының директоры, Big data, әртүрлі салалардағы қызметті математикалық үлгілеу  мәселелері бойынша техникалық жобалар жетекшісі Айнұр Сидельковская өткізді.

Семинарға қатысушылар соттардың жұмысын оңтайландыру, әділеттілікке қолжетімділікті арттыру, деректерді талдау әдістемесі және олардан құнды ақпарат пен білім алу (Data Science) арқылы халықпен ыңғайлы және тиімді өзара әрекеттесу мәселелерін зерделеуге бағытталды. Соттар қызметін қамтамасыз ету жөніндегі департамент қызметкерлері оларды талдау және жинау үшін деректерді қалыптастыру бойынша, соның ішінде деректер қай жерде пайда болатыны және олар әртүрлі қызмет салаларында қалай қолданылатыны туралы бірқатар сұрақтар қойды. Семинарда Деректер талдаушысының міндеттері баяндалды және болжалды модельдерді құру әдістемесі енгізілді. 

Источник: 
Жоғары Соттың Баспасөз қызметі