Жоғарғы Сот Төрағасы Ж.Асанов Сот төрелігі академиясында болды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жақып Асанов Сот төрелігі академиясын одан әрі дамыту мәселелерін талқылауға арналған «дөңгелек үстел» жұмысына қатысты.

Кездесуге Жоғарғы Соттың судьялары, Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығы, ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының және БҰҰ Даму бағдарламасының өкілдері қатысты.

Ректор Төлеш Қаудыров ЖОО қызметі туралы айта келе, Академияда жыл сайын 600-ден астам судья мен сот қызметкерлері қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарынан өтетіндігін хабарлады. Ол отандық сот төрелігі жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар ғылыми-зерттеу жобаларының іске асырылып жатқанын және магистранттардың шет елдерде тағылымдамадан өтетіндігін атап өтті.

Кездесуде Ж.Асанов Академияның оқу және ғылыми-зерттеу бағдарламаларын одан әрі жетілдірудің нақты стратегиясын әзірлеу қажеттігіне тоқталды. «ЭЫДҰ-ға мүше елдердің тәжірибесін мұқият зерделеп, сот жүйесі үшін мамандар даярлаудың неғұрлым тиімді тәсілдерін қолдану қажет», - деді ол.

«Дөңгелек үстел» барысында БҰҰДБ-ның «Сот төрелігі академиясының оқыту инфрақұрылымына қажеттіліктерді бағалау» жобасының жетекшісі Эдуард Захарченко ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттердің тәжірибесін ескере отырып, оқу процесін одан әрі дамыту жөніндегі бірқатар ұсыныстарын айта келе, ЖОО-да оқытудың тиімділігі туралы әлеуметтік зерттеу қорытындыларымен таныстырды.

Ж.Асанов іс-шараны қорытындылай келе, Академия басшылығына кездесуде айтылған ұсыныстар мен ұсынымдарды ескере отырып, ЖОО-ны одан әрі дамыту стратегиясын әзірлеуді тапсырды.  

Источник: 
Сот төрелігі академиясы