Жоғарғы Сот Төрағасы

Құрметті ханымдар!

07/03/2019

Сіздерді 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Қазақстан қоғамында әйелдер, ең алдымен, аяулы ана, сүйікті жар, кәсіби маман және жауапты лауазым иесі. Сондықтан да айтулы мереке қарсаңында абзал аналар мен аяулы аруларға лайықты сый-құрмет көрсетілуі – елдігіміздің белгісі.

Дана халқымызда: «Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», «Қыз өссе – елдің көркі» деген қанатты сөздер бар. Бұл сөздер – халқымыздың ежелден әйел затын ардақтай білгенінің айғағы.

Құрметті оқырмандар!

14/12/2018

Сіздерді ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Заманауи Қазақстанның жылнамасы нақ осы күннен басталады. Елімізде осы күні жүріп өткен жолымызды қорытындылау дәстүрі қалыптасқан. Шындығында, атқарылған жұмыс аз емес. Осының бәрін зор мақтанышпен айтуға болады.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан 27 жылда  бүкіл әлем таныған мемлекетке айналды. Әлемнің 100-ден астам елінде дипломатиялық өкілдіктеріміз бар және біз 70 халықаралық ұйымның мүшесіміз.  

Жоғарғы Сот Төрағасы Ж.Асанов Сот төрелігі академиясында болды

15/02/2018

Жақып Асанов Сот төрелігі академиясын одан әрі дамыту мәселелерін талқылауға арналған «дөңгелек үстел» жұмысына қатысты.

Кездесуге Жоғарғы Соттың судьялары, Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің басшылығы, ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының және БҰҰ Даму бағдарламасының өкілдері қатысты.

Жоғарғы Соттың Төрағасы азаматтардың кезекті қабылдауын өткізді

04/12/2017

Бұл күні Қ.Мәмидің қабылдауында республика бойынша 8 адам болды.

Жүгінгендердің көбісі жергілікті соттардың шығарған сот шешімдерімен келіспейтіндіктерін жеткізді. Осы азаматтарға заңнамаға сәйкес жоғары сот сатыларына шағым келтіру тәртібі түсіндірілді.

Жоғарғы Сот Төрағасының қабылдауында болғандардың барлығы өз сұрақтарына толыққанды жауап алды.

Құрметті отандастар!

29/08/2014

Сіздерді ел өміріндегі маңызы зор мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймын!

Еліміздің Ата Заңы – мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың іргелі қағидаттарын реттейтін аса маңызды құжат. Адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары Қазақстанның ең негізгі конституциялық құндылығы ретінде бекітілді. Бұл – Қазақстанның экономикалық және саяси тұрғыдан қарқынды дамуының ең басты факторларының бірі, қазақстандықтардың тең құқық пен мүмкіндіктерге ие болуының кепілі.

Қайрат Мәми Жоғарғы Сот Төрағасы ретінде азаматтардың алғашқы қабылдауын өткізді

04/12/2013

3 желтоқсанда өткен қабылдауда Қазақстанның  өңірлерінен келген  жиырмадан астам азамат болды.

Олардың басым көпшілігі барлық сот сатыларынан өтпегеніне, сондай-ақ сот актілеріне апелляциялық және кассациялық тәртіппен шағым беру мүмкіндігі болғанына қарамастан,  Жоғарғы Сот басшылығы оларды қабылдап, өтініштерін тыңдады.

Қайрат Мәми жергілікті соттардың жұмысын сынады

24/10/2013

Жоғарғы Сот Төрағасы Қайрат Мәми бейнеконференцбайланысты арқылы облыстық және оған теңестірілген соттардың төрағаларымен және судьяларымен, судья әдебі жөніндегі өңірлік комиссиялардың жетекшілерімен, облыс орталықтары мен қала маңында орналасқан аудандық соттардың төрағаларымен жұмыс кеңесін өткізді. Күн тәртібіндегі басты мәселе республикада сот төрелігін жүзеге асырудың қазіргі жай-күйі болды.

Қайрат Мәми Жоғарғы Сот төрағасының лауазымында алғашқы жұмыс кеңесін өткізді

18/10/2013

Қазақстанның жоғары сот органының басшысы болып жаңадан тағайындалған Қайрат Мәми Жоғарғы Соттың алқа төрағаларымен, судьяларымен және аппарат басшылығымен алғашқы жұмыс кеңесін өткізді. Күн тәртібінде бірнеше маңызды мәселе белгіленді.

Бірінші кезекте Жоғарғы Соттың Төрағасы сот жүйесінің қазіргі жай-күйіне және Мемлекет басшысы бірнеше рет айтқан, кезек күттірмей шешімін талап ететін проблемаларға назар аударды.

Жоғарғы Соттың Төрағасы болып Қайрат Мәми тағайындалды

16/10/2013

16 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  Жоғарғы Сот судьяларына жаңа Жоғарғы Соттың Төрағасы - Қайрат Мәмиді салтанатты түрде таныстырды. Елбасы елдің жоғары сот органы басшысының лауазымына ұсынған кандидатураны Сенат депутаттары бірауыздан  қолдағандығын хабарлады.

Беттер