Жоғарғы Сот басшылығы азаматтарды қабылдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Қуатты да табысты құқықтық мемлекеттің басты межесі халық игілігіне қалтқысыз қызмет ету. Ендеше, азаматтардың Ата заңымыз бен заңдарда көзделген құқықтары мен бостандықтарын, олардың заңды мүдделеріне нұқсан келтірілген немесе оларды шектейтін іс-қимылдарды сот арқылы қорғау басты міндет. Алайда, шығарылған сот шешімдеріне көңілі толмай, әділдікке арқау іздейтін жандар да жоқ емес. Осындай мақсатқа орайлас келген 13 азамат Жоғарғы  Сот Төрағасының міндетін атқарушы Ақылтай Қасымовтың қабылдауында болды. 

Келушілердің ішінде сотталушы тұлғалардың жақын туыстарының өтініштері тыңдалды. Олардың айтуына қарағанда сотталушылар қылмысқа қатысты  кінәсіз болған, алайда, айыптау үкімдері заңсыз шығарылған. 
Соның ішінде азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысты мәселелер көтерілді. Мәселен, мүліктік қатынастарға және экономикалық дауларға байланысты туындаған дауларға нүкте қойып, жоғарғы сот сатысынан әділ шешім шығаруды сұрады. 

Сонымен қатар екі азамат сыбайлас жемқорлықпен және бопсалаушылықпен сотталған тұлғалардың үкімдерін Жоғарғы Соттың жалпы отырысында қайта қарау жөнінде өтініш тілектерін білдірді. 
Ақылтай Қасымов оларды толғандырған мәселенің түйткілін тарқата отырып, олар тек заң шеңберінде шешілетіндігін алға тартты. Жоғарғы Соттың жалпы отырысына тек ерекше жағдайларда шақыртылады, яғни сот шешімдері адам өміріне  және оның денсаулығына немесе Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне және экономикасына орыны толмас қауіп келтірілген жағдайда қаралатындығын тілге тиек етті.

Азаматтардың ішінде 77 жастағы  қария да болды. Ол іс бойынша өзінің оппонентімен татуласқысы келмейтіндігін баяндады. Ақсақалдың айтуынан топшыласақ ол көлік қылмысын жасамаған, алайда қадағалау тәртібімен кінәсіздігін дәлелдеу үшін бел буған.

Өтінішпен жүгінген әрбір азаматқа заңнама талаптарына сәйкес тиісті ұсыныстар айтылды.

ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі