Жақып Асанов Германия Елшісімен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов Германия Федеративтік Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті Елшісі Рольф Мафаэлмен кездесті.

Жақып Асанов Қазақстан Жоғарғы Сотының Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамымен(GIZ), Халықаралық құқықтық ынтымақтастық жөніндегі Герман қорымен (IRZ) және Фридрих Эберт атындағы қормен көп жылдық ынтымақтастықтың тиімділігін атап өтті.

Елшіге сот жүйесін жаңғыртудың негізгі жеті бағыты бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс туралы ақпарат берілді. Бұл жобалардың сот төрелігіне деген халықтың сенімін арттыруға және құқық үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталғандығы айтылды.

Ж.Асанов Қазақстан Жоғарғы Сотының Әкімшілік процестік рәсімдік кодексінің жобасын әзірлеу бастамасы тұрғысынан Германияның әкімшілік әділет жүйесінің тәжірибесін зерделеуге қызығушылық танытты. Сонымен қатар, мейманға герман судьяларының сот актілерін әзірлеу және түсіндіру бойынша жұмысымен танысуға  қатысты да сұрақтар қойылды.

Өз кезегінде Р.Мафаэль екі елдің сот ісін жүргізу және судьяларды оқыту мәселелері бойынша ынтымақтастығын дамытуға әзір екендігін жеткізді.  

Кездесу соңында тараптар кездесудің жоғары деңгейде өткендігіне ризашылықтарын білдірді.

 

Источник: 
Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі