Тиімді сот жүйесін құруға бағытталған игі қадам

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астанада Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасының төрағасы  Елес Әбдіқадыров Түркия Республикасы Судьялар мен прокурорлардың Жоғарғы Кеңесі 2-ші департаментінің басшысы Несибе Узермен кездесті.

Кездесу барысында тараптар конституциялық заң шеңберінде адамның және азаматтың құқықтары мен  бостандықтарын сақтауды қамтамасыз ету, келешекте екі елдің ынтымақтастықты нығайту сынды  мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

Маңызды бас қосуда Е.Әбдіқадыров сот құрылымы және  сот істерін жүргізу мәселелерін айта отырып, Қазақстандағы сот жүйесін халықаралық және жалпы стандарт талаптарына сәйкестендіру үшін барлық шаралардың жүргізіліп жатқандығын алға тартты. Сонымен қатар, ол соттарды мамандандыру, судьяларды тағайындау үрдісі туралы әңгіме қозғап, оларға қатысты мысалдар келтірді.

«Қазақстандағы сот жүйесі мемлекеттің және қоғамның мүддесіне сай жауап береді» - деді, Е.Әбдіқадыров. Ол отандық қалыптасқан сот жүйесі азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғауға бағытталып отырғандығын, яғни уақытты тиімді пайдалануға, адамдар мен қаржы ресурстарын, белгілі бір уақыт кезең ішінде қаралып жатқан істердің санын арттыру, істердің қаралу мерзімін қысқарту сынды мәселелерді тілге тиек етті.

Өз кезегінде сөз алған Н.Узер Қазақстанның қонақжайлылығын ерекше атап өтіп, Қазақстан және Түркия елдеріндегі сот құрылымының жалпы ұқсастығын баяндады.

Шара соңында Е.Әбдіқадыров және Н.Узер екі елдің арасындағы іскерлік, достық  қарым-қатынасты нығайту арқылы сапалы қызмет атқаратындығына сенім білдірді.

Ресми сапар барысында Түркия делегациясының өкілдері Жоғарғы Соттың Ақпараттық-техникалық орталығының жұмысымен және сот органдарындағы БААТЖ жүйесімен танысты.  Сонымен қоса бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің хатшысы Ә.Рақышевамен, Әділет министрлігінің және Бас Прокуратураның басшылығымен кездесу жоспарланып отыр.

ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі