Архив событий

05/06/2013

Әділдік алаңында азаматтармен жүздесті

05/06/2013

Сот төрелігінің заңдылығы  мен оның уақтылы жүзеге асырылуы, сот беділін көтеріп, азаматтардың заңды құқықтары мен өз мүдделерін қорғауы үшін бірден-бір негіз болып табылады. Ата заңымызда нақты бекіп, көрініс тапқан адам құқықтары басты құндылығымыз. Бұзылған құқықтарды қалпына келтіру, шиеленіскен дауға төрелік айтып, әділ бағасын беру сот саласының басты міндеті. Осындай мақсатқа жұмылдырылған, бедері айқын, міндеті межеленген Жоғарғы Сотта, еліміздің бас судьясы Бектас Бекназаров 13  азаматты қабылдады.

Жоғарғы Соттың Делегациясы Украина мемлекетіне ресми сапары

05/06/2013

Бүгінде заңдылық пен әділдікті қамтамасыз ететін сот билiгi үлкен белестерді бағындырды. Сот реформасының көкжиегін кеңейту мақсатында Жоғарғы Сот Төрағасы Бектас Бекназаров бастаған Қазақстан судьялар делегациясы Украина мемлекетіне жұмыс сапармен барды.

Шараны ұйымдастырушылар келген қонақтарға арнайы жұмыс және мәдини бағдарламасын әзірлеген. Кездесуге қатысушылар сот жүйесін модернизациялау және өзара ынтымақтастықты одан әрі жетілдіру сынды бірқатар мәселелерді талқылады.