«Татуласу: сотқа дейін, сотта» бағдарламасын іске асыру аясында

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

«Біз біртұтас қазақстан халқымыз» этномәдениет бірлестігінде сөйлеген сөзінде Жамбыл облыстық сотының судьясы Динара Нұрлыбаева «Татуласу: сотқа дейін, сотта» бағдарламасын іске асыру аясында өңір бойынша татуласу рәсімдері мен медиация, Билер кеңесі мен Татуласу орталығының 30-дан астам кабинеттері ашылып, жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті.

 Оның айтуы бойынша татуластыру орындары ашылған аз ғана уақыттың ішінде отбасылық, еңбек және шарттық қарым-қатынастар мәселелері бойынша жүгінген адамдарға пратикалық көмек көрсетілді. Мерке ауданының Татуласу орталығына жүгінген 16 адамның қойған талаптары бойынша 5 медиациялық келісім жасалды (31%). Билер кеңесінің көмегінің нәтижесінде Талас ауданында туыстас адамдар арасындағы бітпей келе жатқан жер дауы шешілді. Мойынқұм ауданының билер кеңесі ауыл тұрғындары арасындағы азаматтық және әкімшілік қарым-қатынастар мәселелері жөніндегі 33 жанжал бойынша тараптарды татуластырды.    

 «Көрсеткіштер көлемі көп болмағанымен бір айдан сәл ғана астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан ұйым үшін бұл жаман нәтиже емес», - деді Д. Нұрлыбаева.

Ол «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен «Бітімгер» медиация және құқық орталығына облыстық соттың ақсақалдарға заңның талаптарын үйрету жөніндегі бастамаларын қолдағаны үшін алғысын білдірді. Ол Билер кеңесінің тұрғындардың мүддесі үшін қоғамдық негізде жұмыс істейтініне және кәсіби судьялардың қызметін атқармайтынына назар аударды.

Іс-шараны Қазақстан халықтары ассамблясының филиалы мен «Қоғамдық келісім» КММ өткізді. Оның жұмысына ҚХА мүшелері, судьялар, этномәдени орталықтардың, мемлекеттік органдардың өкілдері, медиаторлар, облыстың құрметті азаматтары мен ардагерлері қатысты.

 

Источник: 
Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі