Сот ҚР ТМРА бұрынғы басшысына қатысты атышулы іске қатысты соңғы үкімін жариялады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 366-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылған М.М. Оспановқа, ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 367-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылған А.Ақтайға қатысты үкімін шығарды.      

Сот ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 154 қаулысына сәйкес М.М. Оспановтың ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалғанын анықтады. Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен ҚР ТМРА мен Департаменттің тарифті 4.22 теңге\кВт.с мөлшерінде белгілеу әрекетіне Акционерлік қоғамның шағым түсіруі нәтижесінде облыстық соттың апелляциялық және кассациялық сатыларының шешімдерін өзгеріссіз қалдыру салдарынан 2013 жылғы 25 қарашадағы №199-ОД бұйрығының күші жойылған болатын. Бұған қарамастан, М.М. Оспановтың бұйрығымен Атырау облысы бойынша ТМРАД сот шешімінің төмендетілген тарифтің күшін жою туралы бөлігін орындаудан бас тартқан. 

«Атырау Жарық» АҚ басшылығының пікірінше, белгіленген тариф 1 млрд. теңгеден астам кірісті жоғалтуға, қоғамның қаржылық жағдайын нашарлатуға, инвестициялық бағдарламаның орындалуына қауіп төндіруге себеп болуы мүмкін еді. Осыған орай, «Атырау жарық» АҚ-ның акционері, «Энергоинвест ЛТД» ЖШС-нің 40% көлеміндегі үлеске ие құрылтайшысы, «Атырау Жарық» АҚ-ның жалғыз акционері В.С. Сидельковский М.М. Оспановтың танысы Ақтай Арманға жүгінген.  

А.Ақтай «Атырау Жарық» АҚ-ның мүддесі үшін М.М. Оспановпен кездескен. Кездесу барысында М.М. Оспановта қызметтік мансабын пайдалану арқылы қорқытып алу жолымен заңсыз сыйақы алу пиғылы пайда болған. Осы мақсатпен М.М. Оспанов табиғи монополиялар субъектісінің мүддесіне қызмет етуші А.Ақтай арқылы тарифті арттыру мәселесінің толығымен өзі шешетіндігіне Қоғам басшылығын сендіре отырып, «Атырау Жарық» АҚ-дан 200 000 АҚШ доллары сомасында ақшалай түрдегі параны талап еткен. 

Акционерлік қоғамға кіру жоспарын көздеген және өзіне жүктелген міндетке сәйкес өз бизнесін сақтап қалу мақсатында А.Ақтай М.М. Оспановқа оның көмекшісі арқылы «Атырау Жарық» АҚ-ның тариф деңгейін арттыруға ықпал ету үшін жоғарыда айтылған соманы берген. Алайда ірі көлемдегі пара алу жөніндегі М.М. Оспановтың пиғылы оған байланысты емес себептерге байланысты іске аспаған.  

 А.Ақтай 2014 жылғы 27 маусымда М.М. Оспановпен кездесіп, оның талабы бойынша өзінде сақтаулы тұрған 200 000 АҚШ доллары сомасында ақшалай қаражатты  М.М. Оспановтың көмекшісі Е. –ге беруді сенімді өкіліне тапсырған.

2014 жылғы 29 маусымда шұғыл-іздестіру іс-шараларының барысында ақшаны алып жатқан кезінде Е.-ні қаржы полициясының қызметкерлері тұтқындаған. 

 2015 жылғы 13 ақпандағы сот үкімімен М.М. Оспанов ҚР ҚК-нің 24-бабының, 3-бөлігі 366-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған ҚР ҚК-ның 55-бабына сәйкес 1 101 060 000 теңге сомасындағы айыппұл салынып, оған тиесілі барлық мүліктері тәркіленіп, мемлекеттік функцияларды және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қызмет атқару құқығынан өмір бойына  айырылды.   

ҚР ҚК-нің 50-бабының 2-бөлігіне сәйкес М.М. Оспановты «Құрмет ордені» мемлекеттік наградасынан айыру туралы ҚР Президентіне ұсыныс енгізілді.

Осы үкіммен А.Ақтай ҚР ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі, 367-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, осы бапқа ескерту ретінде көрсетілген 2-бөлікке сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылды. 

Сот жаза тағайындау барысында сотталушы М.М. Оспановтың тұлғалық айрықша жағдайларын, атап айтқанда оның мінсіз қызметтік тізімін, мемлекеттік наградалармен марапатталған еңбегін, жауапкершілік пен жазаны жеңілдетін жағдайларды назарға ала отырып, белгіленген шектен төмен, пара сомасының 30-еселік мөлшеріндегі айыппұл тағайындауды жөн деп шешті.    

А.Ақтайға қатысты үкім шығаруда сот ҚР ҚК-нің 367-бабының 4-бөлігіне ескерту ретінде көрсетілген 2-бөлікке сәйкес, пара берушіге қатысты параны қорқытып алу жағдайы орын алған болса, онда ол қылмыстық жауаптылықтан босатылатындығын назарға алды. Сонымен қатар А.Ақтайды сипаттайтын деректерді, оның жасаған әрекетіне шын ниетпен өкінуін ескеріп, бұл жағдайлар қылмыстық жауаптылықтан босатуға негіз болады деп шешті.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Источник: 
Астана қаласы сотының баспасөз қызметі