Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін айыппұлды төлемеуіне байланысты жаза бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Өскемен қаласының №2 сотында мемлекеттік сот орындаушысының сотталған Д. Абдықалықовтың жазасын ауыстыру туралы ұсынысы қаралды.

2015 жылғы 25 қыркүйекте сот үкімімен сот орындаушысы Д.Абдықалықов пара алу түріндегі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 802 240 теңге көлеміндегі айыппұл түріндегі жаза тағайындалған.

ҚР ҚАК-нің 50-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотталушы үкімнің заңды күшіне енген күнінен бастап 1 ай мерзімде айыппұлды төлеуге міндеттелген.

Алайда сотталушы сот үкімін белгіленген мерзімде орындамаған.    ҚР ҚК-нің 41-бабына сәйкес, қылмыс жасағаны үшін тағайындалған айыппұлды төлеуден жалтарған жағдайда жаза бас бостандығынан айыру түріне ауыстырылады.

Сот қаулысымен сотталған  Д.Абдықалықовқа айыппұл түріндегі жаза екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болды. Сотталушы сот залында  қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Шығыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі
Теги: