Парламент Сенаты ҚР Жоғарғы Сотының жаңа судьяларын сайлады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының пленарлық отырысы барысында Президент Н.Назарбаевтың ұсынуымен отставкаға шығуларына байланысты Николай Мамонтов пен Нұрия Сынғалиеваны ҚР Жоғарғы Сотының судья лауазымынан босату жөнінде шешім қабылданды.

Отырыс барысында Жоғарғы Сот Кеңесінің Төрғасы Б.Бекназаров «Н.Мамонтов пен Н.Сынғалиева қызметтері барысында өздерін беделді және тәжірибелі маман ретінде көрсете білді. Өз міндеттерін жоғары деңгейде орындады», - деп атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары ҚР Жоғарғы Сотының судьялары лауазымына ұсынылған С.Әбдрахманов пен М.Жанғұтыновтың кандидатураларын бірауыздан қолдады. Олардың жергілікті соттағы жұмыс тәжірибелері, жоғары біліктілігі мен кәсібиліктері атап өтілді.

Источник: 
ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі