Орал қалалық соты пара берушіге қатысты үкім шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Орал қалалық соты «KazCargoCustoms» ЖШС менеджері А.Енсаповқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Ол  мемлекеттік мүлік және жекешелендіру басқармасының бұрынғы басшысы Ж.Серикоповқа пара берген деп айыпталған. Тұрғын жайды жалға беру келісімшартын ұзарту үшін берілген пара сомасы 60 000 теңгені құраған.

Орал қалалық сотының үкімімен А.Енсапов ҚР ҚК-нің 367-бабының 1-бөлігімен қарастырлған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.  Оған  мүлкін тәркілеумен параны жиырма есе мөлшерінде, яғни 1 200 000 теңге айыппұл салынды. Сонымен бірге, сот А.Енсаповты мемлекеттік мекемелерде өмір бойы қызмет атқару құқығынан айырды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Батыс Қазақстан облыстық сотының үкімі